Үнемі кешігу . Манипуляторлар ең алғашқы приемын неге
кешігу арқылы жасайды? Себебі сіз оны күтесіз. Ал күтсеңіз,
демек ойлайсыз. Егер ойласаңыз ол тәуелділікке апарады. Бұл
адамға байлану. Адамды күту арқылы ол сізді
мойынсұнушылыққа үйретеді. Мойынсұнушылық бұл қарым
қатынаста оның сөздеріне, кемшіліктеріне, қателіктеріне
үйрете бастайды. Басында 10 минутқа кешігеді. Сосын 15
минутқа, кейін қоғамдық орындарда 1 сағатқа дейін күттіріп
қояды. Қанша жерден сіз оған: -Ұнамайды, олай істеме, мен
екінші күтпеймін,- деген сияқты сөздерді айтсаңыз да ол
бәрібір сізді күттіріп осыны жалғастыратын болады. Кешігіп
келген манипулятор ең бірінші сізге комплимент айтады. Аяқ
астынан пайда болады да, комплимент арқылы немесе сыйлық
арқылы өзінің кешіккенін осылай жуып-шаяды. Бірақ бәрібір
соны істеуді жалғастырады.