4-тақырып. Дарындылық және танымдық даму процесі 97
ді қабілеттерді бөлек факторлар ретінде бөліп қамтыған.
Бихевиоризмнің негізін салушы болып саналатын Джон Б.
Уотсон психология саласы зерттейтін ішкі тәжірибені бақы-
лауға болмайтындықтан, тиісті түрде зерттеу мүмкін емес
деп есептеген. Оның орнына ол зертханалық эксперимент-
терге сүйенген.
Швейцария ғалымы Ж. Пиаже – психология ғылымындағы
генетикалық бағыттың ірі өкілдерінің бірі. Ж. Пиаженің
басты мақсаты – тұлғаның ақыл-ойын зерттеу болды. Ол
оны эволюция барысындағы төмен ұйымдасқан органика-
лық құрылымдардың табиғи дамуы ретінде қарастырады.
Ж. Пиаженің алғашқы еңбектері 20-шы жылдары жарыққа
шықты: «Баланың ойлауы және сөйлеуі» (1923), «Баланың
талдауы және ойды қорытындылауы» (1924), «Баланың
әлем туралы түсінігі» (1926). 1960 жылдары когнитивті пси-
хология әлемінде ойлауды дамыту теориясы тұрғысынан
Жан Пиаженің ғылыми идеялары басымдыққа ие болды.
Сол кезең үшін бақылау мен эксперимент жүргізудің тиімді
әдістерін жасаған Пиаже мүлдем өзгермейтін және әмбебап
кезеңдерде жүзеге асырылатын жалпы танымдық операци-
ялардың кешенді даму көрінісін нанымды дәлелдеп шықты.
Пиаже кеңістік, уақыт және сандық аспектілерді қамтитын
дамудың жалпы кезеңдерін анықтады. Алайда, қырық жыл-
дан кейін қазіргі заман психологтары әрбір аспектіге өзін-
дік ережелер мен жүзеге асыру операциялары тән екенін
анықтап, жалпы сатылар мен құрылымдар болатынына
күмән тудырды. Пиаже зияткерлікті барлық жеке тұлғалар-
да бірдей дамитын бірыңғай жалпы қабілет деп есептеген.