Педагогика вн блок indd


-тақырып. Дарындылық және танымдық даму процесі



Pdf көрінісі
бет104/153
Дата24.12.2021
өлшемі3,58 Mb.
#128554
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   153
Байланысты:
педагогика китап

4-тақырып. Дарындылық және танымдық даму процесі
98
Қырық жылдан кейін ғалымдар адамдар ерекше түрде жұ-
мыс істейтін және өзара қарым-қатынаста бола алатын көп-
теген салыстырмалы түрде тәуелсіз «зияткерлік қабілеттер-
ге» ие деген пікірге келді. Пиажені жеке айырмашылықтар 
қызықтырмаған, ол «эпистемиялық субъектіні» зерттеген. 
Бұл  саладағы  көптеген  соңғы  зерттеулер  жеке  ерекшелік-
терге шоғырланған, мұның өзінде айрықша таланттар мен 
кемшіліктер, қабілеттердің өзіндік құрылымына және шек-
теулі мүмкіндіктердің өзіне тән айырмашылықтарына  аса 
мән берілген. Пиаже жаңа туған нәрестелердің «ана сүтімен 
қоректену»,  айналадағыны  аңдау  сияқты  шектеулі  биоло-
гиялық  қабілеттермен  бірге,  оқудың  –  ассимиляция  және 
бейімделу деп атаған басты екі үдерістеріне ие екені туралы 
да болжаған.  
   Қазіргі психологтар адам біраз туа біткен қасиеттерге не-
месе жеңіл түрде айқындалатын танымдық қабілеттерге ие 
және Пиаже осы туа біткен танымдық құрылымның маңыз-
дылығын жете бағаламаған деген қорытындыға келіп отыр. 
Пиаже танымдық дамуды өсіп келе жатқан баланың физи-
калық  немесе  азын-аулақ  дәрежеде  әлеуметтік  дүниемен 
өз бетінше эксперимент жасауы деп қабылдап, тарихи және 
мәдени факторлардың маңыздылығын ескермеген. Қазіргі 
теорияларға сүйенсек, даму ерте кезеңдерден-ақ басталады, 
бұл жағдайда әлеуметтік ортаның дамуға әсері елеулі бол-
мақ. Сонымен бірге Пиаже біртұтас танымдық тетіктердің, 
моториканың көріністері ретінде тіл және басқа да графи-
калық, музыкалық бейнелер сияқты таңбалардың жүйесін 
қарастырған.  Гарднердің  зияттың  қырлары  туралы  соңғы 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   153




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет