4-тақырып. Дарындылық және танымдық даму процесі 99
уақыттағы зерттеулері әр жүйенің өзіне тән шығу тегі бо-
латындығын және олардың мәдени, уақыттық мәнмәтіндер
жүйесінде қолданылуы елеулі ықпал ететінін болжайды. Ж.
Пиаже 11-15 жас аралығындағы балалар ойлануы гипотети-
ка-дедуктивті (теориялық ойлау) болады деді. Оқу материа-
лы ойлау әрекетінің жоғарғы даму деңгейін қажет етуі және
ең 1-ші кезекте интеллектінің дамуына бағытталған. Ойлау
сапасы ретінде сыншылдығы дамиды – олар мұғалім тілінен
қателер іздеуді жақсы көріп тұрады. Мимикалық әрекетінде
өзгерістер болады, кіші оқушыларда есте қалдыруда – түсіну
орын алады. Олардың есінің өнімділігі жақсарады – есте тез
сақтайтын болады, ұзақ мерзімдік ес көлемі артады.
Зияткерлікті ақыл-ой қабілеттерінің тестілерімен өлше-
нетін құбылыс ретінде қарастыратын ғалымдар мен зерт-
теушілер үшін зиятқа қатысты жаңа ой-пікірлер әрдайым
проблема болатыны шындық. Әртүрлі қабілеттер арасын-
дағы өзара байланысқа негізделген зерттеу жүргізіп, ортақ
зият факторының бар екендігі туралы пікірді берік ұста-
натын тұрақты дәстүрлер осы күнге дейін сақталып отыр.
Алайда Говард Гарднер (2006) зияткерліктің өзара байла-
нысын тап басып көрсету мүмкін емес деп, ондай дәлелде-
мелердің басым бөлігін жоққа шығарады. Гарднер субъек-
тілер көп қырлы зиятқа ие деп есептеген. Сол арқылы ол
зиятты өлшенетін және зияткерлік коэффициентіне (IQ)
қосылатын бірыңғай және жалпы қабілет ретінде қарастыр-
май, керісінше, лингвистикалық, математикалық, музыка-
лық, кинестетикалық және тұлғааралық қабілеттер мен
кеңістікте бейімделу қабілеті сияқты өзара әлсіз қарым-қа-