1-тақырып. Тәрбие үдерісінің мәні мен мазмұны 11
1.2 Тәрбие әдістерінің жіктелуі Тәрбие әдістерінің жіктелуі
Сендіру
Тәрбиенің ең маңызды әдісі. Н.К. Крупская ба-
лалардың өмірі мен еңбегін ұйымдастыру ісін
олардың адамгершілік жолында даму ісімен
және қоғамға пайдалы іске саналы түрде қа-
тынасу ісімен тығыз байланыста қарастара-
ды. Н.К. Крупская: «Балалармен құрғақ сөй-
лескеннен гөрі, олардың істеп отырған ісіне
сенім арттыру керек», - дейді.
Жағымды
үлгі-өнеге
арқылы
тәрбиелеу әдісі
Жеке бастың қалыптасып дамуы тек сөз
әсерімен сендіру арқылы іске асырылып қана
қоймайды, тәрбие ісінде жеке адамның үл-
гі-өнегесі де зор рөл атқарады. К.Д.Ушинский:
«Тәрбиенің күші адамның жеке басының өне-
гесіне негізделген, сондықтан да жеке басты
тек қана үлгі-өнегемен тәрбиелеуге болады»,
- дейді.
Жаттықтыру әдісі
Жек бастық қасиеттерді қалыптастыруда аса
маңызды рөл атқаратын тәрбие әдісінің бір
түрі - жаттықтыру. Мінез-құлықты оқушы
бойына дарытып, әдет, дағдыға айналдыруы
үшін жаттықтыру, қайталап үйрету қажет. А.С.
Макаренко тәрбие ісінде оқушыларды прак-
тикалық іс-тәжірибемен байыту, олардың мі-
нез-құлқына мәдениеттілік дағды мен әдетті
сіңіру аса қажет деп санады.