1-тақырып. Тәрбие үдерісінің мәні мен мазмұны 10
Тәрбиенің қоғамда атқаратын қызметіне қарай, өзіндік
ерекшеліктері бар:
Тәрбие - қоғамдық құбылыс. Адам қоғамнан тысқары өмір сүре
алмайды. Қоғамның дамып өркендеуіне байланысты,
тәрбиенің мақсаты жаңа жағдайға байланысты толығып
отырады
- біртұтас үдеріс. Тұлғаның кісілік қасиеттерін
қалыптастыру бірыңғай жағдайда, бір уақытта іске
асырылады. Тұлға жеке адам ретінде тәрбиеленеді
- ұзақ, әрі күрделі үдеріс. Адам туып, есею барысында
тәрбиенің ықпалында болады. Онан кейінгі уақытта өзін-
өзі тәрбиелеу үдерісімен жетіледі. Тәрбие мақсатының
нәтижесіне дереу қол жеткізуге болмайды. Мектепте әр
оқу сатысындағы оқушылардың тәрбиелік деңгейіне
талаптар қойылып, соған қол жеткізу көзделеді. Тәрбиеге
іштей және сырттай ықпал жасалады
- көпжақты процесс. Мектеп оқушыларын тұлға етіп
тәрбиелеу, дамыту, қалыптастыру, оларды қоғамдық
өмірге даярлау барлық қоғам азаматтарының міндеті.
Қоғамның тәрбиелік әрекетін бірыңғай бағытта
ұйымдастырып, оқушының тұлғалық қасиетін
қалыптастыруды жүзеге асыратын мектептегі ұстаздар
ұжымы мен отбасы