1-тақырып. Тәрбие үдерісінің мәні мен мазмұны 12
Мадақтау және
жазалау әдістері
Мадақтау әдісі дегеніміз - тәрбиешінің бала-
ның жағымды іс-әрекетін, мінез-құлқын көріп
бағалай білуі және оны көпшілік, ұжым ал-
дында жария етуі. Ал, бұған қарама-қарсы жа-
залау, баланың іс-әрекеті мен мінез-құлқын-
дағы кедір-бұдырларды жөндеу жолындағы
тәрбиешінің өз әрекеті деп түсінген абзал. Бұл
әдіс баланы өз іс-әрекетіне өзі талдау жасап,
өзіне-өзінің баға беруіне бағыттайды.
Оқушылардың
мінез-құлқына
бақылау жасау,
талап қою әдісі
Баланың мектептен тыс уақыттағы мі-
нез-құлқын бақылаудың немесе еңбектің бір
түрінен екінші түріне ауыстырудың тәлімдік
маңызы зор. Талап қою дегеніміз – баланың
іс-әрекетін белгілі бағытқа бейімдеу. Талап
қою - баланың жауапкершілік сезімін ояту.
Бұл әдісті іске асырудың құралы – мұғалімнің
сұрауы және орынды нұсқау беруі. Бұл әдістің
ерекшелігі – баланың тез іс-әрекет етуіне,
оның мінез-құлқын, өзін-өзі реттеп тәртіпке
келтіруге үйретеді. Ол көбінесе мұғалім мен
оқушының арақатынасы дұрыс, бірін-бірі
түсінген, дұрыс талап қойған кезде болатын
жағдай.
Жеке тұлғаның
санасын қалып-
тастыру әдістері
Әңгімелеу – оқу материалын жүйелі баяндау.
Көбінесе адамдардың өмір жолын баяндап,
кейіпкерлерге сипаттама беруде, табиғи құ-
былыстарды және қоғамдық өмірді суреттеу
барысында қолданылады.