БАСТАУЫШТАН КЕЙІН ҚОЙЫЛАТЫН СЫЗЫҚША
а) Бастауыш та, баяндауыш та зат есімнен, заттанған басқа сөз
таптарынан болады. Мұндайда баяндауыш ІІІ жақта жалғаусыз келеді,
сурағы, сыртқы тұлғасы атау септігіне ұқсас болады. Сондықтан
бастауыштан кейін сызықша қойылады. Мысалы:
Әкесінің баласы — адамның дұшпаны. Адамның баласы — бауырың
(Абай).
ә) Бастауыш жіктеу, сілтеу есімдіктерінен, баяндауыш Ш жақтағы зат
есімнен немесе керісінше болып келгенде, бастауыштан соң сызықша
қойылады. Мысалы:
Бөкеншіден Сүгір баласы Әкілмқожа — мынау. Бул — бұйрық, қатал
тыйым (М.Әуезов).
б) Бастауыш тұйық етістіктен, баяндауыш III жақтағы жалғаусыз зат
есімнен жасалса немесе бастауыш зат есімнен, баяндауыш тұйық етістіктен
болса, бастауыштан соң сызықша қойылады. Мысалы:
Біреудің бағалы жагын көре алмау, біреудің жетістігіне іші қүю,
бармағын тістеу — асқынған ауру. Бар қолынан келетіні — тапжылмай
отыру (3. Қабдол).
в) Бастауыш та, баяндауыш та бір сөздің кайталануынан жасалғанда,
бастауыштан кейін сызықша қойылады. Мысалы:
Жамал тағдыры — үлкен тағдыр. Жамал өмірі — бай өмір (З.Қабдол).
г) Бастауыш та, баяндауыш та сын есім не сан есім болып келгенде,
олардың арасына сызықша қойылады. Мысалы:
Адамның жаманы — мылжың, жақсысы — жомарт (Ж. Баласағұн).
БІРЫҢҒАЙ МҮШЕЛ ЕР ДЕН КЕЙІН КОЙЫЛАТЫН СЫЗЫҚША
Сызықша бірыңғай мүшеден кейіп келіп, өзінің алдындағы мүшелердің
мағынасын жинақтап, топтастырып тұрған жалпылауыш сөздің алдына
қойылады. Мысалы:
Үлкен үйде Ұлжан. Айғыз, Ділда — үшеуі ғана отыр екен
(М. Әуезов).
ОҢАШАЛАНҒАН АЙҚЫНДАУЫШ СЫЗЫҚШАМЕН
АЖЫРАТЫЛАТЫН ЖАҒДАЙЛАР
а) Оңашаланған айқындауыш өз ішінде бірыңіғай болып, үтір қажет
болғанда, оны бірыңғай мүшеден ажырату үшін екі жағынан сызықша
койылады. Мысалы:
Біраздан кейін үйге Мақсуттың тағы бір-екі жолдасы — Жұмагүл мен
Ақтай — кірді (М.Әуезов).
ә) Жалғаусыз зат есімнен жасалған баяндауыш өзін айқындайтын
мүшеден сызықша арқылы бөлініп тұрады. Мысалы:
Бар тұлғасы Құнанбай текшес бұл жас әйел — осы үйдің келіні.
Абайдың апасы — Мәкіш (М. Әуезов).
ҚҰРМАЛАС СӨЙЛЕМДЕРГЕ БАЙЛАНЫСТЫ ҚОЙЫЛАТЫН
СЫЗЫҚША
а) Жалғаулықтары түсіріліп айтылған қарсылықты салалас құрмалас
сөйлемнің арасына үтір мен сызықша қойылады. Мысалы:
Алдымызда Есімбектің үйі тұр. - Шұға көрінбейді (Б.Майлин).
ә) Жалғаулықсыз ыңғайлас салалас құрмалас сөйлемдерде іс, оқиғаның
бір мезгілде, бір ыңғайда тез, шұғыл өткенін білдірсе, арасына сызықша
қойылады. Мысалы:
Оттың жарығына сағатын төседі - тоғыз болып қалған екен
(О.Бөкеев).
б) Түсіндірмелі салалас құрмалас сөйлемдердің баяндауышы сонша,
соншылық, сондай, сол, мынау, себебі сөздерімен аяқталса, олардан соң
сызықша қойылады. Мысалы:
Ашуланғаны сонша — өңінде ызаның ұщқындары шашырап тұрды
(Ғ.Мұстафин).
в) Шартты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемнің баяндауышы
шартты райдан жасалып, бағыныңқы сөйлемге ерекше мән бере айтылса,
одан соң сызықша қойылады. Мысалы:
Ақыл айтсаң — бақыл айт.
Отың жаңбаса — қорлық,
Құсың алмаса — қорлық.
(«Казақтың мақал-мәтел» жинағынан.)
ТӨЛ СӨЗ БЕН АВТОР СӨЗІНЕ ҚОЙЫЛАТЫН СЫЗЫҚША
Автор сөзі төл сөзден кейін келгенде, төл сөзден соң сызықша
қойылады. Кейде автор сөзі де етістігінің көмегінсіз-ақ келуі мүмкін. Егер
төл сөз диалог түрінде болса, әр сөйлеушінің сөзінің алдынан сызықша
қойылып, сөйлем жаңа жолдан жазылады. Мысалы:
—