Бастауыштан кейін қойылатын сызықША



Pdf көрінісі
бет3/3
Дата24.12.2021
өлшемі167 Kb.
#128591
1   2   3
Байланысты:
15-лекция

азаматтарға  бас-көз  болып,  олар  да  мені  жан  тартып  (Құмырайдан 

басқасы),  үйірсектеп  жүргендіктен,  бар  жауапкершілік  маған  түскен 

(О.Бөкей). 

Жақша  ішіндегі  сөздерді  алмауға  да  болады,  одан  сөйлемдегі  ойға  еш 

нұқсан  келмейді.  Бұлар  тек  тұтас  мәтін  мазмұнына  қарай  автордың  түсінік 

беру мақсатын көзден тұр. 

ә) Драмалық шығармаларда кейіпкердің жүріс-тұрысың, іс-әрекет, көңіл 

күйін  білдіретін  автордың  қосымша  түсініктемелерін  көрсететін  сөздер, 

сөйлемдер  жақшаға  алынады.  Мысала:  Нәзипа  (кеудесіне  басын  қойып). 

Өкінбейін бе? Солай ма? Мен дұрыс жасадым ба? Айтыңызшы ақиқатын? 

Есен. 

Өкінбе!  Сен  адал  дәрігер  екеніңді  таныттың!...  (Нәзипа  терезе 

жақтауына сүйеніп тұрып қалады.) шәрбанжан, сен көтер басыңды!... (Аз 

тым-тырыс.)  Мә, мына бір жалғыз парақ қағаз ақын жатқан жастықтың 

астынан табылды! (Береді.) (З.Шашкин.) 

б)  Сонымен  қатар  белгілі  үзіндінің  не  мысалдың  қай  шығармадан 

алынғанын,  авторын,  шығу  дерегін    көрсететін  түсініктер,  ережелер  мен 

жаттығуларда көрсетілгендей, жақшаға алынып берілді. 

 

ТЫРНАҚША 



 

Мағынаға  байланысты  қойылатын  белгінің  бірі  —  тырнақша. 

Тырнақшаға  алынған  сөздердің  мағынасы  әр  түрлі  болып  келеді.  Мысалы: 

"Жаңы  тәттілердің"  атын  аударамыз,  қамшы  береміз  (Ж.  Аймауытов). 

"Тойдың  болғанынан  боладысы  қызық  деген  емес  пе,  не  де  болса,  той 

дүрілдеп, бір күнде өтті (С. Бақбергенов). 1957 жылы Кенбаев "Сыр шерту". 

"Бұғалық  тастау"  деп  аталатын  әйгілі  шыгармаларын  жазды  ("Казак 

күнтізбесі"). 

Бірінші  сөйлемдегі  "жаны  тәттілердің"  кекесін  мағынасын  білдіреді, 

екінші  сөйлемде  —  мәтел,  үшінші  сөйлемде  белгілі  суретшінің 

шығармаларының аты тырнақшаға алынған. Тырнақша осыларды ерекшелеп, 

мағынасын даралап, көңіл аудару үшін қойылып тұр.  

Тырнақша мынадай жағдайларда қойылалы:  

а)  Басқа  біреудің  сөзінен  алынған  дәйексөз,  мақал-мәтел,  төл  сөздің 

ішіндегі  бұлжытпай  алынған  сөздер  тырнақшаға  алынады.  Мақал-мәтелдер 

төл  сөздің  ретінде  алынғанда  сөйлемге  қатысты  басқа  тыныс  белгілері 

қойылмайды, тек тырнақшаға алынады. Мысалы:  

Әуезов басын шайқады: 

—  Тұрар  аға-ай.  айтқаныңның  бәрі  алтындай.  Бірақ  біз  Эзоптың 

дәуірінен де қиын дәуірде тұрмыз ғой. "Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ" 

деген  мақалдың  дәурені  өткен  (III.  Мұртаза).    Илья  Эренбург:  "Әрбір 

жазушы  қайтсе  де,  өз  өмірінің  бір  кезеңін  байқамай.  шығармасына  түсіре 

береді," — дейді Бұл — шындық (З.Шашкин). 

ә)  Кекету,  ажуалау  және  кері  мағынада  айтылған  сөздер,  біреудің 

айтқанынан  алынған  сөздер,  біреудің  ойлағанын  айтуға  оқталып,  бірақ  әлі 



айтпаған  сөздері,  ішкі  ойы  тырнақшаға  алынады.  Мысалы:  Біраздан  кейін 

маужырап,  басым  көпшілігі  ұйқыға  кетті.  "Елсіз  жайлау  —  жансыз  сурет 

секілді екен-ау!" деп ойлады Тоқтар (ішкі ой). (Б. Нұржекеев.) Есік жақтағы 

үстелде  осы  Тайманның  өзімен  бірге  оқитын  студенттер  "профессор 

Сапаровтьң досы!" деп атайтын кішкене жігіт Арынғазы отыр (басқа біреудің 

сөзінен  алынған).  (3.  Қабдол.)  Иә,  жобаға  келеді,  мына  "данышпан  қыз" 

дұрыс айтып отыр (кері мағына). (К. Жұмаділов.) Жүзі жанбайтьш қулар да 

толып  жатыр,  олар  сыр  білдірмей.  Сейітханның  әңгімесіне  "қалтқысыз" 

сеніп, қостап, бастарын шайқап, таң-дайларын қағады (ажуа). (Т. Ахтанов.) 

б)  Газет,  журнал,  кітап,  үлкенді-кішілі  шығарма,  қаулы  т.б.  аттары 

тырнақшаға  алынады.  Мысалы:  "Қазақ  әдебиеті"  газетінен  М.  Әуезовтің 

"Көксерек"  әңгімесін  оқыдым.  Бұл  "Заман-ай"  күйі  еді  "Майра"  әні  осылай 

туып еді (3. Шашкин). 

в) Зауыт,  машина,  құрал-жабдық  және  ұйым  аттары  тырнақшаға 

алынады.  Мысалы:  "Ертіс"  кемесі,  "ИЛ-86"  ұшағы.  "Абай"  ауылы. 

"Айнабұлақ"  ықшам-ауданы.  "Қазақ  тілі"  қоғамы,  Ол  өзінің  бала  кезінде, 

"Көктұма " мектебінде оқып жүрген кездегі оқиғаны айтқан (С.Бақбергенов). 

"Оқжетпес" кеңшары басшыларының "Біздің көл суына зиянымыз жоқ" деген 

пікірін  теріске  шығаруға  тура  келеді  (Т.  Қажыбеков).  Қызғылт  түсті 

"Икаруспен" автовокзалға келгенде. Жаңаарқаға аттанайын деп тұр екен (К. 

Жұмаділов). 

г) Объекті  етіп  алынған  жеке  сөз,  дыбыс,  буын  сөйлемде  тырнақшаға 

алынады. Мысалы: "А" — дауыс ты дыбыс. "Жаз" — бітеу буынды сөз. 

 

 



Әдебиеттер тізімі 

1  Мырзабеков  С.  Қазақ  орфографиясының    арнаулы    курсы 

бойынша методикалық қүрал. Алматы,2001. 

2  Жүнісбеков  А.  Проблемы  тюркской  словестнои  просодики  и 

сингармонизма казахского языка. АДЦ. Алматы, 1999. 

3 Қалиұлы Б. Қазақ орфографиясындағы қайшылықтар Алматы, 2009. 

4 Мырзабеков С. Қазақ тілінің дыбыс жүйесі. Алматы, 2007. 

5 Байтұрсынов А. Тіл тағылымы.- Алматы, 2011.



 

 

 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет