Оқулық Алматы «Атамұра» 2018 (ХVІІІ-ХІХ ғасырлар) ҚазаҚстан тарихы


 Патша үкiметiнiң жазалау әрекет терi



Pdf көрінісі
бет112/260
Дата24.12.2021
өлшемі9,4 Mb.
#128604
түріОқулық
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   260
Байланысты:
3467 Kaz-n tarih 8-7kl kaz

7. Патша үкiметiнiң жазалау әрекет терi.
 Отаршылдыққа қарсы кү реске 
қа зақтардың үш жүзiнiң бәрi бiрдей белсене қатысуы патша  үкiметiнiң 
зәресiн ұшыр ды. Сондықтан да ол көтерiлiс шi лерге қарсы  неғұрлым батыл 
әрекеттер ұйымдастыруға көштi
Ресей  императоры  Кенесары  бастаған  көтерiлiстi  басу  мәселе-
сiн   ұдайы  ерекше  бақылауда  ұстады.  Ол  қазақ  ханына  қарсы  жо рық  
ұйым  дастыру  жөнiнде  жарлық  шығарды.  Ханның  басына  3  мың    сом 
мөл шерiнде  сыйлық  жария ланды.  Көтерiлiсшiлерге  қарсы   старшина 
Лебедев басқарған жазалаушы отряд жiберiлдi. 1843 жылы сұлтандар 
А. Жантөрин
 мен 
Б. Айшуақұлы
 бас таған екiншi әскер жабдықталды. 
Онымен бiр мез гiл де Омбыдан, Петропавлдан, Қар  қаралыдан да әскер-
лер шықты. Патша үкiметiнiң әскерлерi жергiлiк-
тi  жер  жағ дайын  нашар  бiлдi.  Оның  үстiне,  дала 
сар   баз дарына қарсы ұрыс жүргiзудiң ерек ше әдiсi 
қажет едi. Мұның бәрi де патша үкiметi жазалаушы 
әскерiнiң сiлесiн қа тырды.
Туған өлкенiң жер жағдайын жақсы бiлетiн Ке-
несары  жауға  қар  сы  шабуылды  одан  әрi  үдеттi.
  1844 
жылы  Кенесары 
хан Тобыл өзенiнiң жоғарғы ағысында А. Жан төрин сұлтанның әскерiне 
күйрете  соққы  бердi.  Кескiлескен  шай қас та   сұлтанның  44  адамы  қаза 
Қарулы күштер құры  лы -
мына сызба жасаңдар.
Кенесары бастаған ұлт-
азаттық күрес неліктен 
жалпы ұлттық сипатқа 
ие болды?


94
тапты.  Бұл  кезде  Дуниковскийдiң  әс ке ри   тобы  таяу  маңда  болған  едi. 
Бiрақ оның ұрысқа араласуға батылы жетпедi. 
Кенесарының не гiзгi әскери күштерi 1844 жылдың тамызында Ека-
терина стани цасына шабуыл жасады. Бе кi нiстiң ма ңын дағы елдi мекендi 
өртеп жi бердi, 40 адамды тұтқынға алды, қы руар малды айдап әкеттi. Соны-
мен қатар мылтық, пистолет, қы лыш, най за  сияқты көптеген қару-жа рақ 
түрлерiн олжалады. Арнайы жi бе рiлген жазалаушы отряд Ке несарының 
ауылына  жете  алған  жоқ.  Үкi мет  басында ғы ларды  абыржушылық  пен 
үрей биледi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   260




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет