8. Кенесары әскерлерiнiң ұлы жүз аумағына қарай шегiнуi. Кенесары
Са рыарқаны тас тап, көтерiлiс орталығын Жетiсу жерiне қарай ауыс-
тыруға мәжбүр болды. Сiбiрдегi өкiмет билiгi Омбыдан елеулi әскер кү-
шiн зеңбiректерiмен қоса Жетiсуға жедел түрде жiбердi. Азық-түлiктiң
тапшылығы Кенесарыны егiншiлiкпен айна лысуға мәжбүр еттi. Күшi
басым патша үкiметiнiң қы сым жасауымен Кенесары Iле өзенiнiң оң жақ
бетiне өтiп, одан әрі Алатау дың етегiне көшiп барды. Ал патша үкiметi
оған Кiшi жүз бен Орта жүз қазақта ры тарапынан көмекке келетiн жолды
кесiп тастады. Ұлы жүздiң
Сұ раншы, Байсейiт, Тайшыбек сияқты ба-
тырлары көтеріліске қолдау көрсеттi. Көтерiлiсшiлердiң
сиреп қалған қатарын то лықтырып, едә уiр күшейттi.
Кенесары Қасымұлы Қытайға барып, бой тасалай
тұруды да ойла ды. Бiрақ оның бұл әрекетiн Қытай
үкi метi қолдамады. Ресей им периясымен қарым-қаты-
насымызды бүлдiрiп аламыз деген қауiп пен Кенесарының өтiнiшiн
қанағаттандырудан үзiлдi-кесiлдi бас тартты. Қазақтардың арасында
беделi күштi әрi жауынгер ханды қа был даудың ешқандай да қажетi
жоқ деп ойлады. Оның үстiне, бұл кезде Қытайдың өзi де қазақтармен
дiнi бiр ұйғыр және дүнгендердiң кө терiлiстерiнен мазасы кетiп, қатты
алаңдаулы еді.