190
тиын-тебенге жалданды, үй қыз метшiлерi, қолбала,
бақташылар болды. Қайыр сұрап, ел кезiп кеткендер
де көп едi.
Абай қазақтың мал өсiрумен қоса сауда жасау ды,
белгiлi бiр кә сiп түрiмен шұғылдануды үйрену қажеттiгiне
баса назар аударды. Орта Азия тұрғындарының кәсiп
түрлерiне үлкен iлтипатпен қызыға қа рады. Ол
былай
деп жазды:
«Ендi қарап тұрсам, сарттың екпеген
егi нi жоқ, саудагердiң жүрмеген жерi жоқ, қылмаған
шеберлiгi жоқ. Өзi менен өзi әуре болып, бiрiменен бiрi ешбiр шаһари
(яғни
қала адамда ры болып. – авт.)
жауласпайды. Орысқа қарамай тұрғанда
қа зақтың өлiсi нiң ахиреттiгiн
(кебiнiн. – авт.),
тiрiсiнiң киiмiн сол
жет кiзiп тұрды».
Абай халыққа жаны ашымайтындарды жек көрдi, байлардың қа ра-
пайым халыққа менсiнбей қарауы оның ашу-ызасын келтiрдi. Қо ғамды
прогресшiл түрде дамыту жолдарын үнемi iздестiрiп отырды. Абай ел
басқаруға халық үшiн қызмет ететiн, адал адамдар сайлануы тиiс деп
есептедi. Ол өз төңiрегiндегi адамдардың, жақындары мен шә кiрттерiнiң
бойындағы өз халқына риясыз берiлу, оның мүд делерiн қорғау қасиеттерiн
қолдап отырды.
Достарыңызбен бөлісу: