Оқулық Алматы «Атамұра» 2018 (ХVІІІ-ХІХ ғасырлар) ҚазаҚстан тарихы



Pdf көрінісі
бет235/260
Дата24.12.2021
өлшемі9,4 Mb.
#128604
түріОқулық
1   ...   231   232   233   234   235   236   237   238   ...   260
Байланысты:
3467 Kaz-n tarih 8-7kl kaz

4. Абай және халық ағарту iсi. 
Ұлы ақын жас ұрпақты иман дылыққа, 
адам гершiлiкке, ғылым-бiлiм үйренуге шақырды. 
«Ғылым таппай мақтанба,
Орын таппай баптанба.
Құмарланып шаттанба
Ойнап босқа күлуге...
Бес нәрседен қашық бол,
Бес нәрсеге асық бол,
Адам болам десеңiз,
Тiлеуiң, өмiрiң алдыңда,
Оған қайғы жесеңiз,
Өсек, өтiрiк, мақтаншақ,
Ерiншек, бекер мал шашпақ –
Бес дұшпаның бiлсеңiз.
Талап, еңбек, терең ой,
Қанағат, рақым ойлап қой –
Бес асыл iс көнсеңiз...», 
– 
Абай  жастардың  бойындағы  кеселдi  кемiстiктердi,  арсыздық  пен 
ұятсыздықты, дөрекi надандықты тәрбие және бiлiм беру арқылы жою-
ға  үндедi.  Ақын  ол  үшiн  қазақ  балаларын  оқытатын  мектептердi  көп-
пікірің қажет
Абайдың кедейші-
ліктен құтылудың 
тәсілі жайлы айтқан 
ойымен келісесің 
бе? Сен қандай жол 
ұсынар едің?


191
теп  салуды  жақтады.  Атап  айтқанда,  ол  былай  деп 
айтты: 
«Бала ларды ... мектепке беру керек, олардың 
бiразын  мамандықтың  бiр  түрiн,  бiразын  басқа  ма-
мандықтарды игеруге бағыттау керек. Мек тептердi 
көбейту  қажет,  оларда  тiптi  қыздар  да  оқи тын 
болсын».
Ұлы ақын өз шығармаларында халықты ғы лым мен 
белсене  айналысуға  үндедi.  Әркiмдi  өзi нiң  өткен  әр 
күнiне мiндеттi түрде есеп бе рiп отыруға, келер ұрпақты парасаттылыққа 
шақырды. 
Абайдың пiкiрiнше, адам болу үшiн оның бойынан үш түрлi фак тор 
табылуы  тиiс. 
Бiрiншiден
,  баланың  шыққан  тегi  жақсы  болуы  ке рек,  
екiншiден,
 оның әлеуметтiк жағдайы немесе қоршаған ортасы  жағымды 
болуы шарт, 
үшiншiден,
 балаға адамгершiлiк тұрғысында тәр бие берiлуi 
қажет.
Абай  парақор  билеушiлердi,  ашкөз  судьяларды,  надан  молдалар-
ды  әшкерелеп  отырды.  Халықтың  игiлiгiне  жету  жолындағы  бұл  қыр-
сықты ғылым мен бiлiм арқылы ғана жоюға болады 
деп  есептедi.  Ол  жастарға  үздiксiз  еңбек  етiп,  бiлiм 
алуды  мiндет  етiп  қойды.  Бiлiм  алуға  жұмылған 
еңбек  әрқашан  да  жемiстi  және  iзгiлiктi  болатынын  
қадап айтты. Қараңғылықтан шығар, елдi өркениетке 
жеткiзер жал ғыз жол – оқу-бiлiм екенiн көзi қарақты 
жастарға түсiндiрдi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   231   232   233   234   235   236   237   238   ...   260




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет