Оқулық Алматы «Атамұра» 2018 (ХVІІІ-ХІХ ғасырлар) ҚазаҚстан тарихы


  жылы үлкен ұлы  Әбдiрахман  қайтыс болды.  1904



Pdf көрінісі
бет238/260
Дата24.12.2021
өлшемі9,4 Mb.
#128604
түріОқулық
1   ...   234   235   236   237   238   239   240   241   ...   260
Байланысты:
3467 Kaz-n tarih 8-7kl kaz

1895 
жылы үлкен ұлы 
Әбдiрахман
 қайтыс болды. 
1904 
жылғы көктемде оның 
тағы бiр ұлы 
Мағауия
 дүниеден өттi. Бұл қайғылы оқиғалар Абайға аса 
ауыр  тидi.  Мағауияның  өлi мi нен  кейiн  40  күн  өткенде  Абайдың  өзi  де 
қайтыс болды. 
Ақын өзiнiң талантты шәкiрттерiн тәрбиелеп өсiрдi. Абайдың iзбасар 
шәкiрттерi Шәкәрiм, Көкбай, Ақылбай, Кәкiтай және Ма ға уия болды.
Абай көзi тiрiсiнде өзiнiң өлеңдерiн жинаған емес. Олардың әр қайсысын 
бiр жапырақ қағазға жазып, жастарға таратып бере берген.  Олар Абайдың 
өлеңдерiн жаттап алып отырған. Сөйтiп, Абай өлең де рi 
қазақ даласында ауыздан-ауызға таралып кете барды. 
Оның  өлең дерi  қолдан-қолға  көшiрiп  алынды.  Ондай 
қолжазба көшiрмеге ие болу әрбiр сауатты қазақ үшiн 
зор ғанибет болатын. Кейiнiрек Абай дың туындыларын 
оның ұлы Турағұл жинастыра бастады. Абай өлеңдерiнiң 
ең  алғашқы  жинағы  1909  жылы  ақын  Кәкiтайдың 
Абай ұлдары Ақылбай 
 
және Турағұлмен бiрге 
Болжам жаса
Неліктен Абай 
өз шығарма-
ларын жинақ-
тамаған?


193
*
арқа сында Қазан қаласында басылып шықты. Абай 
Құнанбайұлының өлең дерiн жинауға және бастырып 
шығаруға  көп  күш-жiгер  жұмсап,  игi  ықпал  еткен 
ақын
 Көкбай Жаңатайұлы
 болды. Ол өлеңдер белгiлi 
қоғам қайраткерi, Алаш ардагерi Әлихан Бөкейханның 
редак циясымен басылып шықты.
Абай  отандық  тарихымыз  бен  әде биетiмiзде  аса 
көрнектi  орын  алады.  Ол  қазақтың  ұлттық  жазба 
әде  бие тiнiң  негiзiн  қалады.  Абай  есi мi  дүниежүзi 
халықтары  әдебиетiнде  Шекспир,  Пушкин,  Гете  лер   мен  қатар  тұрады. 
Ақынның мол әдеби мұрасы тек бiр халықтың ғана емес, бүкiл адамзаттың 
рухани қазынасы саналады. Қазақстанда ұлы Абайдың есiмi көптеген елдi 
мекендер мен көшелерге, Қазақ ұлттық педагогикалық университетiне, 
Ал маты қаласындағы Мем лекеттiк академиялық опера және балет театры-
на берiлген. Ұлы ақынның құр ме тiне Қазақстан мен Ресейде және басқа 
елдерде ескерткiштер орнатылған. Қазақстанның  жоғары оқу орындарында 
Абай  шығар ма шылығына  арналған  халықаралық  және  республикалық 
ғылыми  конференция лар  жыл  сай ын  өткiзiлiп  тұрады.  Ұлы  ақынның 
150  жыл дық  мерейтойы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   234   235   236   237   238   239   240   241   ...   260




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет