1995
жы лы дүниежүзiлiк ЮНЕСКО көлемiнде
аталып өттi.
?
1. Қосымша материалдарды пайдалана отырып, Абайдың жастарға арнаған
өсиеттерi туралы шағын әңгiме құрастырыңдар. 2. Қалай ойлайсыңдар, ұлы
Абайдың шығармашылығын бүкіл адамзаттың құнды мұрасы деп не себепті
айтамыз? Нақты дәләл келтіріңдер.
Ат қою дәстүрі
– қазақ халқының жаңа туған балаға ырымдап, жақсы, терең
мағыналы есім беруі. Бала кезінде оны еркелетіп басқаша атайтын болған
(мысалы, Ибраһим – Абай).
долгополов Нифонт иванович
(1857–1922) – ол Харьков университетiнiң студентi
бола жүрiп студенттердiң революциялық шерулерiне белсене қатысқан. Сол үшiн
Семейге саяси тұтқын ретiнде жер аударылған. Мұнда ол Абай Құнанбайұлымен
жақын танысып, тығыз қарым-қатынаста болған.
Северин гросс
(1858 – ө. ж. белгiсiз) – Польшадағы революциялық қозғалысқа
белсене қатысқаны үшiн 1883 жылы Семейге жер ауда рыл ған. Семейде
жүрген кезiнде ол антропологиямен, этно графиямен және қазақтың әдет-ғұрып
құқықтарын зерттеумен айналысқан.
Достарыңызбен бөлісу: |