Оқулық Алматы «Атамұра» 2018 (ХVІІІ-ХІХ ғасырлар) ҚазаҚстан тарихы



Pdf көрінісі
бет70/260
Дата24.12.2021
өлшемі9,4 Mb.
#128604
түріОқулық
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   260
Байланысты:
3467 Kaz-n tarih 8-7kl kaz

2. Жайық казактары.
 Жайық (Орал) казактарының ең алғашқы ел-
дi мекендерi ХVI ғасырда қазiргi Қазақстан аумағының солтүстiк-батыс 
бөлiгiнде (Жайық (Орал) өзенiнiң бойында) пайда болды. Сондықтан да 
оларда өзiн-өзi басқарудың элементтерi көп болды. Ка зактардың қоғамдық 
өмiрiнiң аса маңызды мәселелерi 
әскери
 
топ та
 ұжымдық талқыға салу 
арқылы шешiлетiн.
сөзіңді дәйекте
Казак отрядтарына 
қазақ жерінде жүктел-
ген негізгі міндеттерді 
атаңдар. Неліктен ка-
зактар Ресейдің қанды 
қолшоқпарына айналды 
деп ойлайсыңдар?
Казактардың 
атқарған негізгі 
қызметі қандай еді?


59
Патша  үкiметi  казактардың  еркiндiгiн  шектеу  саясатын   ұстанды.  
Олардың  тұрмысына  бiрте-бiрте  қатаң  әскери  тәртiп  енгiзiле  баста ды. 
Мәскеу мемлекетi Жайық казактарына оңтүстiк-шығыс шегара ны қорғау 
және әскери отарлау мiндеттерiн жүктедi. Жайық казактары 1773–1775 
жылдарда Пугачев бастаған шаруа лар көтерiлiсiне қа тысты. Мұның өзi 
патша үкiметi тарапынан Жайық казактарының  өзiн-өзi басқару құқығына 
қысым жасап, шектеулер қоюына қатыс ты болған едi. 
Жайық  казактары  ауқатты  тұрды.  Әрбiр  казактың  80  десятинадан  
жер  телiмi  болды.  Олар  егiншiлiк  пен  балық  аулау,  тұз  өн дiру  және 
аңшылықпен айналысты. Жайық казактары жердi қо ғамдық негiзде пай-
даланды. Орасан зор жер көлемiн иемденген казактар жердi ішкi Бөкей 
Ордасындағы  және  Жайықтың  сыртқы  жағындағы  қазақтарға  жалға 
бердi.  Олар  осылай  мол  табыс  көзiне  ие  болды. 
Қызыл балық пен қара уылдырықтың өзiнен ғана 
казактар кү мiс ақшамен жыл сайын қомақты табыс 
табатын. Олар жыл сайын 300 мың басқа дейiн қой 
сата алатын.
Жайық казактары ХХ ғасырдың басына дейiн 
өзде рiнiң дәстүр ле рiн, «байырғы ескi» тәртiптерiн 
және тұрмыс-тiршiлiк салтын неғұрлым берiк сақ-
тады. Жайық казак әскерлерiнде 
байырғы ескi дiни 
наным-сенiм
 ұзақ сақталды.
Жайық казактары қазақтардың шаруашылығы мен тұрмы сына елеулi 
түрде ықпал еттi, өз кезегiнде, олар да қазақтардан бiрқатар ша  руашылық 
дағдыларын үйрендi. Олар қазақтардың әдет-ғұрып, салт-санасымен та-
ныс болды. Жайық казактарының тi лiне қазақтардың 
баспақ, дөнен, нар, 
тымақ, жасауыл
 сияқ ты  бiрқатар сөз дерi сiңiсiп кеттi. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   260




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет