Оқулық Алматы «Атамұра» 2018 (ХVІІІ-ХІХ ғасырлар) ҚазаҚстан тарихы



Pdf көрінісі
бет72/260
Дата24.12.2021
өлшемі9,4 Mb.
#128604
түріОқулық
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   260
Байланысты:
3467 Kaz-n tarih 8-7kl kaz

4. Сiбiр казактары.
 Сiбiр казактарының негiзiн 
әскер қыз метiн де гiлер құрады. Олар ХVI ғасырдың 
аяқ кезiнен бас тап Сiбiр әс кери бекiнiстерiнде күзет 
қызметiн  атқарды.  ХVIII  ға сырда  Батыс  Сi бiрдiң 
оңтүстiгiнде  бiрқатар  шегаралық  бекiнiс  қамал-
дар бой кө тердi. Сiбiр казактары ХVIII ғасырдың 
аяғына дейiн Сiбiрдегi орыс шаруаларының есебiнен толығып отырды. 
Казактар дың қатары солдаттардың ержеткен балаларының, саяси жер 
аударылып келгендер мен башқұрт, 
мещеряктар
 және Дон казактарының  
есебiнен  де  толықтырылды. 
1808 
жылы  Сiбiр  казактары 
Сiбiр
 
шегара  
шебiнiң  казак  әскерлерi
  деген  ресми  атқа  ие  болды.  Әскердiң  штабы 
Омбы қаласында орналасты. Олардың әскери атаманы Батыс Сiбiр ге не-
рал-губернаторына, ал кейiнiрек Дала өлкесiнiң генерал-губернаторына 
тiкелей бағынды.
ХIХ  ғасырдың  аяқ  кезiнде  Сiбiр  казак  әскерлерi  екi  облысқа  –
 
Ақ мола  және  Семей  облыстарына  орналастырылды.  Олардың  та ғы  бiр 
бөлiгi Томск губерниясының Бийск округiне жайғас ты рылды. 
Сiбiр ка зактарының әрқайсысына тиесiлi жер телiмiнiң көлемi орта 
есеппен  алғанда  30  десятинадан  айналды.  Жердi  тек  ер-аза мат тар  ғана 
алды.  Офицерлерге  жер  әлдеқайда  көп  берiлдi.  Олар  жер дi  өмiр  бойы 
пайдалану құқығына ие болды. Бiрақ олар әдетте ол жерлердi қа зақтарға 
және қоныс аударушы орыс шаруаларына жалға берiп отырды. Сiбiр ка-
жұптық жұмыс
Казактардың 
шаруашылығына 
талдау жасаңдар.


61
зактарына су көздерi бар ең таңдаулы құнарлы жерлер бөлiнетiн. Казактар 
Ертiстiң оң жағалауындағы Долон, Шуль ба және Қарағайлы ормандарын 
да иелендi. 
Сiбiр  казактарының  негiзгi  кәсiбi  егiншiлiкпен  айналысу  болды.  
Бiрақ далалық ауа райының құбылмалылығы, құрғақ шылықтың жиi лiгi, 
қақаған күштi аязды күндердiң көптiгi егiн егуде қыруар қиыншылықтар 
туғызды.  Ка зактардың  арасында  бау-бақша,  темекi  өсiру  де  жақсы  да-
мыды. Пет ропавл маңында бау-бақша өсiрумен айналысатын тұтас казак 
по селкелерi құрылды. Шегара шебiнiң темекiсi «махорка» бүкiл Сi бiрге 
кеңiнен тарады. Казактар сонымен қатар кендiр өндiрумен де айналысты, 
сора өсiрдi.
Казак әскерлерi мал да ұстады. Мұның өзi егiн шаруашылығына  және 
жорыққа да қажет едi. Өзендер мен көлдердiң көптiгi балық аулау iсiн де 
дамытты. Олар Ертiс өзенi мен Зайсан көлiнде балық аулауды өздерiнiң 
кәсібіне айналдырып алды. Казактар сонымен қатар 
жүк тасымалымен

терi илеу және тоңмай дайындау кә сiп шiлiктерiмен де айналысты. Сауда-
саттықпен де шұғылданды, жер гiлiктi қазақтармен сауда жасасты. 
Жол  жөндеу  жұмыстары  үшiн  алынатын  баж  салығы  да  казак-
 
тардың пайдасына түсетiн. Кедейленiп, қайыршылық күйге түскен көп-
теген қазақтар казактарға жалданып жұмыс iстедi. Жалпы ал ғанда, ХIХ 
ғасырдың аяғында Ертiс шегара шебiнде 100 мың ға жуық қазақ жалда-
нып жұмыс iстеген. Сi бiр казактары өз жер лерiнiң бiр бөлiгiн қазақтарға 
жалға берiп, табыс тауып отырды.
 
Көкшетау уезiндегi татарлардан шыққан Сiбiр казактары 


62
Сiбiр казактарының тарихын, олардың Ертiс бойындағы қазақ тармен 
қарым-қатынасын зерттеумен белгiлi тарихшы және өлкета нушы генерал 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   260




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет