СырыМ дАТұлы БАСТАғАН
ұлТ-АЗАТТыҚ ҚОЗғАлыС (1783–1797)
§19–20.
Түсiндiрме сөздiктерден, энциклопедиялардан, тағы басқа да анық-
тамалық басылымдардан «бостандық», «тәуелсiздiк» деген сөздердi
тауып, олардың мәнi неде екенiн оқып бiлiңдер. Сондай-ақ бұл сөздердiң
ненi бiлдiретiнiне тереңірек ой жiберiңдер.
1. Көтерiлiстiң шығу себептерi.
Е. Пугачев бастаған
шаруа лар кө терiлiсi басылғаннан кейiн, патша үкiметi
Кiшi жүз қа зақ тарының көшпелi қауымына отаршыл-
дық езгiнi күшейтiп жi бердi. Сондықтан да қазақтар-
дың көтерiлiске шығуы кездейсоқ оқиға емес едi. Оның
мынадай себептерi болды.
Бiрiншiден,
шегара шебiнiң
iшкi жа ғына уақытша өткен қазақтарға қойылатын
талаптар тым қатаңдай түстi. Талап бойынша кез кел-
ген қазақты оның кездейсоқ басқа бiр руласы жасаған
құқық бұзушылық әрекетi үшiн ұстап алып, айыптауға бола тын едi.
Екiншiден,
Орал казак әскерлерi тарапынан бұрынғысынша дала төсiндегi
«әскери iздестiрулер» тоқтатылмады.
Үшiншiден
,
Нұралы хан ның және оның төңiрегiндегiлердiң беделi
жыл өткен сай ын төмендей бердi. Ол бiрте-бiрте патша
үкiметiнiң қолындағы
қу ыр шақ
қолшоқпарға айнала
бастады. Ханның отбасындағылар мал жайылым да рын
өз пайдаларына қарай бө лiске салды.
Достарыңызбен бөлісу: |