Оқулық Алматы «Атамұра» 2018 (ХVІІІ-ХІХ ғасырлар) ҚазаҚстан тарихы


 ұлт-азаттық көтерілістің алғашқы ке зеңi. 1782



Pdf көрінісі
бет76/260
Дата24.12.2021
өлшемі9,4 Mb.
#128604
түріОқулық
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   260
Байланысты:
3467 Kaz-n tarih 8-7kl kaz

2. ұлт-азаттық көтерілістің алғашқы ке зеңi. 1782
 
жылдың аяқ кезiнде патша үкiметiнiң жарлығы шығып,  
қазақтардың Жайықтың оң жағалауындағы аймақтарға қыс мез гiлiнде 
жайылымдық жерлердi жалға алу арқылы ғана уақытша өту iне рұқсат 
етiлдi. Орал казактары бұл жарлықты өз мүддесiне пайдалана қойды – 
казактардың  жерiн  қазақтардың  жалға  алуына   тыйым  салынды.  Орал 
шегара  шебiндегi  бекiнiстердiң  күзетi  кү шей тiл дi.  Қазақтар  аманат  бе-
руге  тиiстi  болды. 
1782–1783
  жылдың  қы  сында  шегара  шебiнiң  iшкi 
тірек сөздер:
Қазына
Старшын
• Расправа
Айшуақ хан 
Қаратай сұлтан
пікірің қажет
Нұралы ханның 
беделден 
айыры луына 
не әсер етті?


64
жағында  казактар  қазақтардың  4  мың нан   астам 
жылқысын күшпен тартып алды. Қыстың өте су ық 
болуы  жағ  дайды  одан  сайын  қиындатып  жiбердi. 
Жұт  басталды.  Дала  тұрғында рының  10  000-нан 
астам жылқысы мен сиыры қы ры лып қалды. Мiне, 
осындай қиын-қыстау жағдайда Кiшi жүздiң шега-
ра  шебiне  таяу  ауыл дарында  бұқаралық  қозғалыс 
басталып, ол көп ұзамай азаттық кү ресiне ұласты. 
Көтеріліс Елек, Қобда, Ойыл, Жем және Сағыз өзендері алабын қамтыды.
1783
 жылдың көктемiнде қазақтар Орал шегара шебiне шаб уыл жа-
сай  бастады.  Қазақ  жасағы 
Гирьял  бекiнiсiндегi
  сарбаздарды  тұт қын ға 
алып, малдарын айдап кеттi. Орынбордың солтүстiк-
шы ғы сында  тама  руының  жасақтары  шабуылдау-
мен  болды.  Орынбор  коменданты  қазақ  даласы на 
Орын бор казактарының жазалаушы әс керлерi мен 
башқұрттардың  1500  сарбазын  жiбердi.  Қазақ  кө-
те рi   лiс шiлерi  оларға  табандылықпен  қарсылық 
көрсеттi. Қазақтардың тастан тұрғызған бекiнiсi дұшпанның баса-көктеп 
бiрден лап қойған  шабуылы кезiнде алынды. Тұтқынға алынған 56 адам 
қазыналық
 жұ мыстарды атқаруға жiберiлдi. 
Қазақтардың  әскери  бекiнiстер  мен  сауда   керуендерiне  шабуылы 
жиiлей түстi. Мұның өзi орыс мемлекетiнiң Орта Азия хандықта рымен 
жасалатын сауда-саттық деңгейiн құлдырата төмендетiп жi бер дi. Қарағай 
бекiнiсiне бiрден лап қойған шабуыл  жасалды. Көте рiлiсшiлер Орынбор 
мен Елек қорғанысының екi арасын байланыстыратын даңғыл жолды өз 
бақылауына  алды.  Көтерілісшілердің  жалпы  саны  7  мың  адамға  дейін 
жетті. 
1785
 жылы қазақ жасақтары Төменгi Орал шегара шебiнiң ай мағында 
патша  үкiметiнiң  әскерлерiмен  кескiлескен  шайқасқа  түстi.  С.  Датұлы 
2700  сарбазы  бар  жасаққа,  старшын 
Барақ 
2000, 
Тiленшi  батыр
  1500 
сарбазы бар жасақтарға басшылық еттi. Бұларға қарсы казактардың үш 
отряды жасақталды. 
Ру  старшындарының  Нұралы  ханмен  және 
оның  төңi ре гiндегi лермен  арадағы  күресi  күшейе 
түстi.  Ханның  халық  көте рi лiсiн  басып-жаншып 
тоқтатуға  мұршасы  келмедi.  Ол  –  ол  ма,  кө те рi-
лiс шiлер халыққа жексұрын болған оны орнынан 
түсiрудi  талап   еттi.  Қазақтардың  да,  отаршыл 
билеушiлердiң  де  көз  алдында  өзiнiң  беделiнен 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   260




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет