1801 жылыЖайықтың оң
жағалауында Кiшi жүзден бөлiнген Iшкi Орда құрыл-
ғанын айттық. Бiр кездегi бiртұтас жүздердiң арасын-
да ендiгi жерде ешқандай да еркiн байланыс жасау
мүмкiндiгi қалмады, өйт кенi ондай қарым-қатынас
жасауға қатаң тыйым салынды.
Үшiншiден , ХIХ ғасырдың бас кезiнде Шыңғыс ұрпақтарының бір-
қатары патша үкiметiнiң әкiмшiлiгiне белсендi қарсылық бiлдiрген
оқиғалары көбейiп кеттi. Ал
ақыр соңында , патша үкiметi Франциямен
соғыс аяқталғаннан кейiн жеткiлiктi әскер күшi мен адам ресурстарына ие
болды. Мұның өзi оның тәуелсiз қазақтардың заңды билiгiн –
хан билiгiн
72
бiржола жоюға итермеледi. Өйткенi хан би лiгiнiң
сақталуы патша үкiметiнiң өлкенi шаруашылық
тұрғысынан кең көлемде отарлауына кедергi кел-
тiрген едi.