Оқулық Алматы «Атамұра» 2018 (ХVІІІ-ХІХ ғасырлар) ҚазаҚстан тарихы



Pdf көрінісі
бет87/260
Дата24.12.2021
өлшемі9,4 Mb.
#128604
түріОқулық
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   260
Байланысты:
3467 Kaz-n tarih 8-7kl kaz

Әкімшілік құрылым
Әкімшілік бірліктердің 
 
басшылары
Сайланған мерзімі
Округ
Аға сұлтан
3 жылға
Болыстық
Болыс
3 жылға
Ауыл әкімшілігі
Старшын
3 жылға
4.  Сыртқы  округтердегi  сайлау  тәртiбi. 
Ауыл 
старшындарын көш пелiлердiң өздерi сайлайтын және 
оларды  бұл  лауазымды  қызметке  округтiк  мекеме 
бекiтетiн. Сайлау үш жылда бiр рет өткiзiлiп тұрды. 
Сұлтандардың  қатарынан  сайланатын  болыстар 
өзде рiнiң қолындағы өкiмет билiгiн балаларына мұра етiп қалдыру құ қы-
ғын иелендi. Билiктiң ауысуы жоғарыдан төмен қарай жүргiзiлдi. Кейiнгi 
кездерде болыстық қызметке сұлтан емес, қарапайым 
қа зақ тардың да сайлануына рұқсат етiлдi. Бiрақ ондай 
адамдардың пат ша  үкiметiне сiңiрген еңбегi зор болуы 
тиiс едi. Сол арқылы патша үкi метi Шыңғыс әулетiн 
билiк құрылымынан бiрте-бiрте шет тете бастады. 
Аға сұлтанды тек сұлтандардың өздерi, ал оның 
екi заседателiн билер мен старшындар ғана сайлайтын. 
Аға сұлтандар үш жылға, ал олардың заседательдерi 
екi жылға сайланатын. Аға сұлтандар облыстық бас-
қарма  бастығының  бекiтуiнсiз  өз  өкiлеттiгiн  жүзеге 
асыруға кiрiсе алмайтын. Бұл далада билік етіп кел-
ген  Шыңғыс  ұрпағын  құрмет  тұтатын  қазақтардың 
қарсылығына ұшырамас үшін жасалды. 1854 жылдан 
бастап аға сұлтандыққа шыққан тегi Шыңғыс әулетi 
емес адамдар да сайлана алатын болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   260




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет