6. Алым-салықтар. Басқарудың жаңа жобасын
өмiрге бiрте-бiрте және ауыртпалықсыз енгiзу үшiн
патша үкiметi барлық алым-салық түрлерiн өтеуге
бес жылдық жеңiлдiк белгiледi. Бұл жылдар iшiнде
ауруханалар мен мектептер салу үшiн ерiктi түрде
төленетiн алым-са лық қана жиналып келдi.
Жеңiлдiк мерзiмi өткеннен кейiн округтердiң
халқы мал басының санына қарай 100 бастан бiр
бас мөлшерiнде
жасақ төлеуге мiн деттi болды. Бiрақ ондай салық түйе
басына салынған жоқ. Өйт кенi мұның өзi сауда
керуенiн көбейту үшiн
қажет едi. Алым-салық үшiн мал санағы үш жылда бiр рет өткiзiлiп тұрды.
Жергілікті тұрғындар қосымша алым-салықтар төлемеу үшін малының
санын жасыруға тырысты. Қазақтар жасақтан өзге шабармандар мен
жолаушыларға көлiк жағынан көмек көр сетуге тиiс болды.