3. Басқарудың жаңа жүйесiн енгiзу. Басқарудың
округтiк жүйесi ен-
гiзiлетiн болды. Сөйтiп, жаңа округтер құрылды. Округтер
болыс тарға бөлiндi, ал болыстар
ауыл әкiмшiлiктерiнен тұрды. Әр округте 15–20
болыс, әр болыста 10–12 ауыл, ал әр ауылда 50–70 үй болатын болды.
Сыртқы округтегiлер
Сiбiр қырғыздары (қазақтары. – авт.
) облысына бiрiк тiрiлдi. Жаңа әкiмшiлiк бiрлiгi орасан зор аумақты алып жатқан
Омбы облысының құрамына кiрдi. Томск және Тобыл губерниялары мен
Омбы облысы Батыс Сiбiр генерал-губернаторы на бағындырылды. Оның
орталығы Тобыл қаласында орналасты.
Округтердi сайланып қойылатын
аға сұлтандар, болыстарды
бо лыс- тар , ал ауылдарды – ауыл
старшындары басқарды. Болыс сұлтандары мен
ауыл старшындары әкiмшiлiк, шаруашылық және поли цейлiк қызметтердi
қоса атқарды.
Әр округте аға сұлтан басқаратын
Округтiк приказ (мекеме) құ-
рылды. Оның құрамына Омбы облыстық басқарма бастығы таға йындайтын
ресейлiк екi заседатель және сайланып қойылатын екi «құрметтi қазақ»
қатысуға тиiстi болды.
Iшкi күзет Сiбiр казактарынан iрiктелдi.
73
Басқарудың жаңа тәртiбi мен әскер күшiнiң енгiзiлуi аға сұлтандар
билiгiне шектеу қойды. Аға сұлтанның билiгi елде тек сөз жүзiнде ғана
қалды.
1822 жылғы реформа бойынша
Орта жүздің әкімшілік құрылымы мен басқару жүйесі