68
Сырым Датұлы Хан кеңесiнiң құрамына сайлан-
бай қалды. Ол Әлiмұлы старшын дары ның қолдауына
ие болды да, Хан кеңесiнiң алдына Кiшi жүз дегi
жағдайды жақсарту жөнiнде мәселе қойды. Сырым
батыр руаралық барымтаны және Орал казактары-
мен қақтығысты тоқ татуға күш салды.
1797
жылы Айшуақ сұлтан хан болып сай-
ланды. Оны сұлтандар мен старшындар қолдады.
Хан жасы жетiп қартайған адам едi. Ол қазақ-
тар арасында елеулі рөл атқара алған жоқ. Кiшi
жүз дегi сұлтандар мен ру старшындарының өзара татула суы Сырым
Датұлын өзiнiң төңiрегiне ру старшындарын бұ рынғысынша топтастыру,
сұлтандарға және патша әкiмшiлiгiне қар сы кү ресiн жалғасты ра беру
мүмкiндiгiнен айырды. Сырым ба тыр Хиуа хан дығы аймағына кө шу ге
мәжбүр болды. Халық аузындағы аңыз бен кей бiр мәлiметтерге қара-
ғанда, Сырым Датұлы өзiнiң саяси қарсылас тарының қолынан қаза
тап қан көрiнедi.
Достарыңызбен бөлісу: