Оқулық Алматы «Атамұра» 2018 (ХVІІІ-ХІХ ғасырлар) ҚазаҚстан тарихы



Pdf көрінісі
бет78/260
Дата24.12.2021
өлшемі9,4 Mb.
#128604
түріОқулық
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   260
Байланысты:
3467 Kaz-n tarih 8-7kl kaz

стар-
шындар,
  билер  және  батырлар  белсене  қатысты.  Олардың  бәрi  де  Кiшi 
жүздегi барлық рулық бiрлестiктердiң өкiлдерi болатын. Көтерiлiс шi лердiң 
арасында сұлтандар тобынан шыққандар да бар едi. Со лар 
 
дың бірі – атақты 
батырдың жақын серiгi Айшуақ сұлтанның ұлы Жантөре.
Көтерiлiсшiлердiң  қойған  ең  басты  талабы  –  патша  үкi метiнiң  қа-
зақ   жерлерiн  тартып  алуын  тоқтату,  сонымен  қатар  сұлтандардың, 
 
хан ның  және  олар дың  айнала  төңiрегiндегiлердiң  озбырлығына  тыйым 
 
салу еді. 
4. Барон игельстромның реформалары және Кiшi жүзде хан би  лiгiн 
жою әрекеттерi. 
Қалыптасқан жағдайда патша үкi-
ме тiнiң алдында тұрған ендiгi мiндет Кiшi жүз қа-
зақтарын басқарудың жаңа түрлерiн ойлап табу едi.
1784
  жылы  Орынбор  губерниясының  бастығы 
болып О. А. Игель  стром келдi. Ол аймақты басқару 
жөнiндегi  икемдi  саясат  жүргiзу ге  қа бiлеттi  адам 
ретiнде белгiлi болатын. О. А. Игельстром қазақтар 
туралы  «жаны  жайсаң  ақкөңiл  халық»  деген  жа-
Сырым Датұлы
ойлан!
Неліктен О.И. Игель-
стром Сырым ба-
тырдың ықпалын 
әлсіретуге тырысты?
Сырым Датұлының тұл-
ға лық сипатына мінез-
деме бер.
5–3467


66
ғым ды  пiкiрде  болды.  Кiшi  жүз  қазақтары  арасында ғы  жағдайды  тез 
түсiнiп үлгердi. Билiктi билер кеңесiне берудi жақта ған Сырым батырдың 
ықпалын әлсiретуге тырысты.
1786
  жылы  О.  Игельстром  хан  билiгiн  реформалаудың  жобасын  
ұсынды.  Ол  реформаның  мәнi  хан  билiгiн  толығымен  жою  еді.  Бiрақ 
Игельстромның реформасы Кiшi жүздегi сұлтандар мен стар шындардың 
наразылығын туғызды. Өйткенi олар қазақ да ла сын дағы өз ықпалынан 
айырылғысы келмедi. 
Игельстром реформаларының мазмұны 
Хан билігін толығынан жою
Орынборда шегаралық сот құру
Кіші жүзді рулық-тайпалық 
жүйе бойынша үшке бөлу 
Расправалар құру 
Кіші жүз аумағында екі не үш 
қала, бірнеше мектеп, мешіттер 
салу ұсынысы
1786
 жылы старшындардың съезi өттi. Онда тек қана Шегаралық  сот 
құруға келiсiм берiлдi. Соттың құрамына алты ру старшыны сай лан ды. 
Мұның өзi лауазымды әкiмшiлiк қызметiнде қазақ ру старшындарының 
сұлтандарды ығыстырып, ауыстыра бастағанын көр сеттi. Алайда мұндай 
сайлау Кiшi жүздiң үш-ақ руында болды. Сөйтiп, Шегаралық сот Кiшi 
жүздiң бүкiл руларымен жоғары дә ре желi билер тобы арқылы байланыс 
жасай алмады. Соның салдарынан  Кiшi жүздегi саяси жағдайға ықпал ету 
мүмкiн болмай қалды.  Сұлтандар қазақ даласында 
расправалар
 құруға 
үзiлдi-кесiлдi қарсы  болды. 
Шегаралық соттың құрылуын пайдалана қойған старшындар жер тура-
лы, Едiл мен Жайық арасында қысқы кездегi мал жа йы лымының көлемiн 
ұлғайту туралы мәселе қоя бастады. Олар сонымен  қа тар жайылымдарды 
жалға беру тәртiбiн жоюды да ұсынды. 
Қазақтардың  Едiл  мен  Жайық  аралығына  жаппай  көшуi  бас тал ды.  
Старшындар өздерiнiң талаптарын күшейте түстi. Олар Кi шi жүзден Ре-
сейге қашып кеткендерді қайтару мәселесiн де қоз ғады.     
Игельстром старшындардың талабын iшiнара ғана қана ғаттандырды. 
Бiрақ  қазақтардың  шегара  шебiндегi  бекi нiстерге  шабуыл  жасауын 
тоқтатуды шарт етiп қойды. Қазақ старшындары бұған жа уап ретiнде шега-
ра шебiндегi әкiмшiлiк пен Орал ка зак тарының та рапынан қазақтарға күш 
көрсетiп, озбырлық жасауын тоқтатуды та лап еттi. Жаңа әкiмшiлiк ор -
 


67
ган – рас правалардың құрылуы сұлтан дар-
ды Кiшi жүз қазақтарын билеу жүйесiнен 
шет те туде елеулi рөл атқарды.
Бұл  жағдай  сұлтандардың  патша  үкi-
метiне қарсы наразылығын кү  шейттi. Өйт-
кенi  олар  өздерiнiң  артықшылықтарынан 
айырыла  бас таған  болатын.  Сөйтiп,  Кiшi 
жүзде  өкiмет  билiгiн  жүзеге  асыру  мә се -
лесi  жөнiнде  сұлтандар  мен  старшындар 
арасындағы күрес одан әрi жалғаса түстi. Сырым батыр патша үкiметiнiң 
ықпалынан бiржолата шы ғып  кетуге бағытталған шаралар қабылдай бас-
тады.  Бұл  әрекет  патша   үкiметiне  мүлде  ұнамаған  еді.  Игельстромның 
реформасы iске аспай  қалды. 
Сырым Датұлы Хиуа хандығымен қазақтарға қару-жарақ, атты әс кер, 
азық-түлiкпен  көмектесу  жөнiнде  келiссөз  жүргiздi.  Көтерiлiс  жеңiлiп 
қалған жағдайда  көшiп-қонып жүру үшiн Хиуа хандығының бiр шетiнен 
мал жайылымын беру жөнiнде өтiнiш бiлдiрдi.
Пат ша  үкiметi  қазақтардың  Едiл  мен  Жайық 
аралығындағы мал жайылымдарын пайдалану құ қық-
тарына шек қоюға тырысты. Мұның өзi бұл аймақ-
тағы  қарама-қарсылықты  күшейте  түстi.  Қазақтар 
Орал шегара шебiндегi бекiнiстерге шабуыл жасауды 
жиiлетiп жi бердi.  
1792
 жылы С. Датұлы құрамында 1000 сарбазымен 
Елек
 
қор ға нысына
 шабуыл жасады. Содан соң Крас-
ногорск бекiнiсiн бiр ден лап қойған шабуыл арқылы 
алмақ болды. Бiрақ мықтап ны ғай тылған бе кiнiс пен 
жақсы қаруланған қорғанысшыларға тап болған көтерiлiсшiлердiң жос-
пары жүзеге аспай қалды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   260




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет