Казақстан республикасы білім жəне ғылым министрілігі


Ұңғымада  атқылау-жару  жəне  басқа  жұмыстар жүргізу



Pdf көрінісі
бет14/90
Дата19.01.2022
өлшемі2,84 Mb.
#129510
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   90
Байланысты:
Копия baigazieva kasipshilik umk kz

Ұңғымада  атқылау-жару  жəне  басқа  жұмыстар жүргізу

  қатарына

жататын  зерттеулер: 1) ұңғыма  мен  оның  қабырғасы  арасындағы  жапсарды

(контактіні) жақсарту  үшін  қаптама  құбырлар  бойын  тесу; 2) ұңғыманы  жан-

жақты  зерттеу  мақсатында  бұрғылау  құбыры  бойынан  жыныстар  үлгісін

(образец) алу.

Ұңғыманы  геофизикалық  əдістермен  зерттеу  мұнай  мен  газ

кəсіпшілігінде, көмір  жəне  рудалық  кен  орындарын  барлауда, гидрогеология

жəне  инженерлік  геология  зерттеулері  барысында  пайдаланылатын  маңызды

зерттеулер қатарына жатады.

Ұңғымадан  алынған  материалдарды  талдау  дала  геофизикасы  жұмыстарына

қарағанда  жаңа  геофизикалық  интерпретациялау  тəсілдерін  қажет  етеді.

Олардың  нəтижелері  ұңғыманың  геологиялық  қимасы  жəне  сол  қимадағы

пайдалы  қазбалар  қабаттары  жайлы  құнды  мағлұматтар  береді. Бұл  процесс

төрт кезеңнен тұрады.

Кез  келген  өрістің  қарқындылығы  əртүрлі  факторларға, ең  алдымен,

ұңғыма  қимасын  құрайтын  жыныстардың  физикалық  қасиеттеріне (меншікті

электр  кедергісі, диэлектрлік  жəне  магниттік  өтімдiлiгi — өткізгіштігі,

электрохимиялық  қарқындылығы, радиактивтілігі  жəне  т.б.) байланысты. Осы

аталған  қасиеттерді  сипаттайтын  параметрлер (көрінерлік  меншіктi электр

кедергісі, жыныстардың 

меншікті 

немесе 

жасанды 


поляризациялық

потенциалдары, тоқ  күші, гамма-сəулелену  қарқындылығы, жылулық

нейтрондардың  тығыздығы, температура, серпімді  толқындардың  таралу

уақыты  мен  жылдамдығы  жəне  т.б.) зерттеудің  өзгepicінe қарай  ұңғыма

қимасының 

литологиялық-петрографиялық, коллекторлық 

жəне 

басқа


сипаттамалары бағаланады.

Жалпы  геологиялық  жəне  геофизикалық  барлау  əдістері  арасында  осы

зерттеудің маңызы жылдан-жылға өсуде. Бұл əр түрлі жағдайға байланысты:



12

Біріншіден, жер бетіне  жақын жатқан кен  орындары жыл сайын азайып келеді,

сондықтан жер қойнауының терең бөліктеріндегі кенді алу үшін терең ұңғымалар

бұрғылау  қажет. Олардың  тиімділігін  арттыру  үшін  белгілі  геофизикалық

əдістерді кеңінен қолданып, тасбаған алуды жойып немесе азайту керек.

Екіншіден, ұңғыма тереңдеген сайын, одан тасбағанды алу  қиындай түceдi жəне

оны жер бетіне шығарып зерттеу, табиғи атасуына сəйкес келмейді.

Бұрынғы  КСРО  аумағында  кəсіпшілік  геофизикасының  дамуына  белгілі

ғалым, мұнай  геологиясының  негізін  салушы, академик  И.М.Губкиннің  еңбегі

мол  болды. 1932 жылы  КСРО  аумағында  кəсіпшілік  геофизикасының  дала

партия сандары басқа елдерге қарағанда 1,5 есе артық болды. Бұл сол кезде осы

əдістің дамуына аса көңіл бөлінгенін көрсетеді.

ҰГЗ  зерттеулерінің  саны  көбеюімен  қатар, бұл  салада  техника  жəне

əдістемелік  жұмыстар  да  қарқынды  түрде  жүргізіле  бастады. 1931 жылдан

бастап  ұңғыманың  қисаю  бұрышы  мен  азимутын  өлшейтін  арнайы

инклинометр  атты  аспап  жасалып, іске  қосылды. Құбырларды  бұрғылау

барысында, оның  қисаюы  геологиялық  қима  тұрғызылғанда  есепке  алынатын

болды.


Ұңғыманы  геофизикалық  əдістермен  зерттеуде  электрлік  тəсілдердің

үлесі  басқа  тəсілдерге  қарағанда  əлдеқайда  жоғары. Кейінгі  кезде  электр

тəсілінің жаңа түрлері іске енгізіліп, олар мұнай мен газ, көмip, рудалар жəне т.б.

ұңғымаларын зерттеуде кеңінен пайдаланылуда.

1945—1955 жылдар  аралығында  И.М. Губкин  атындағы  мұнай  институтында

(Москва) кəсіпшілік  геофизикасы  кафедрасының  ғалымдары  ұңғыманы  микро

деңгейде зерттеу үшін практикаға бipнeшe жаңа тəсілдер енгізді. 1948 жылы X. Г.

Долль  электр  əдісінде  электромагнит  өрісінің  айнымалы  тоғын  зертгеуге

негізделген жаңа индукциялық əдісті практикаға енгізді.

Ұңғыманы радиактивті əдіспен зерттеу жұмыстары 1933—1934 жылдары КСРО

аумағында  гамма-əдісті  сынамалаудан  басталды. 1941 жылы  белглі  физик-ғалым

Бруно  Понтекорво  ұңғыманың қимасын  зерттеу үшін  нейтрондық  гамма-əдісін

пайдалануды  ұсынды. 1942 жылы  А. И. Заборовский  мен  Г. В. Горшков  жаңа

нейтрон-нейтрондық əдісті практикаға енгізді.

Ұңғыманы  термометриялық  əдіспен  зерттеу 1931-1932 жылдары  өнеркəсіп

саласында  электр  термометр  пайда  болуынан  басталды. Кейін, 1952-1958

жылдары  бұл  салада  жүргізілген  талдау-қорытындылау  жұмыстары, ұңғыманы

термометриялык зерттеудің тиімділігінің жоғары екендігін дəлелдеді.

Ұңғыманы  магниттік  əдістермен  зерттеу  КСРО-де 1934—1936 жылдары

басталды. Бip топ  ғалымдар  ұңғыма  бойымен  жыныстардың  магниттік

қабілеттілігін өлшеу əдісінің маңыздылығын дəлелдеп, бұл əдісті іс жүзінде қолдана

бастады.


1935 жылы  С. Я. Литвинов  пен  Г. Н. Строцкий  ұңғыма  оқпаны  диаeтpінің

өзrepicін өлшейтін жаңа



кавернометрия

атты əдісті ұсынды.

Акустикалық  əдістердің  ұңғыманы  зерттеуде  кеңінен  қолданылуы XX

ғасырдың 50-жылдары басталды. Алғашкы акустикалық аппарат (ұңғыма қимасы

бойымен  серпінді  толқынның  таралу  жылдамдығын  өлшеу  үшін) АҚШ-та,



13

кейіннен  КСРО-да (Жер  физикасы  жəне  ВНИИГеофизика  институттарында)

шығарыла басталды.

ҰҒЗ əдісінің өciп дамуымен катар, жер бетінде (ұңғыма ернеуінде) тipкeyшi

геофизикалық аспаптар мен құралдар, ұңғыма бойымен аспаптарды жоғары-төмен

көтеріп-түсіретін  қондырғылар  да  шығарыла  бастады. Алғашқыда, потенциометр

атты  қарапайым  аспап  көмегімен  ұңғыма  бойымен  аралығы 0,5-1 м  сайын

өлшеулер  жүргізілетін  болса, 1932 жылдан  бастап  жартылай  автоматты  түрде

(кейіннен  толық  автоматты) жыныстардың  көрінерлік  кедергісі  мен  меншікті

поляризациялық  потенциалдарын  диаграммаға  жазатын  арнаулы  тipкeyшi

аппараттар құрастырылды.

1950 жылдан бастап өнеркəсіпте ұңғыманы геофизиялық əдістермен зерттеуге

арналған геофизикалық лабораториялар іске қосылып, көптеген өлшеу жəне өңдеу

жұмыстары автоматтандырылды.

Қазірде, ҰҒЗ-зерттеуі 

толық 


автоматтандырылған 

лабораториялық

кешендермен  жабдықталып, тіркеу npoцeci сандық  түрде  жүргізіледі. Алынған

мағлұматтарды  өңдеу  процесі  бірден  сол  лабораториялық  кешенде  жүргізіліп,

нəтижелері жедел талданады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   90




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет