Шағылған толқындардың акустикалық əдісі.
Жоғары жиілікті
сəулелендіргіш
пен
қабылдағыштарды (0.4-2МГц) қолдану
ұңғыма
қабырғасынан шағылған толқындарды тіркеуге мүмкіндік береді. Осы
толқындардың кинематикасын жəне динамикасын зерттеу арқылы ұңғыма
оқпанының (ұңғымалық
акустикалық
кавернометрия
ҰАК
немесе
профилиметрия ҰАП) геометриясы жайлы, шегенделген колонна жағдайы
жайлы жəне ұңғыма қабырғасын (ұңғымалық акустикалық телевизор – ҰАТ)
құрайтын жыныстардың каверналық (ойықтың) жəне жарықшақтық –
макроқұрылысы жайлы мəліметтер алуға болады.
ҰАК кезінде тербелістердің сəуленену жиілігі 0.5 мГц жуық, ҰАТ кезінде
1,5-2мГц тең. Ұңғыма қабырғасына жеткенде акустикалық толқындар
шағылып, қабылдағыштарға тіркеледі. Уақыт бойынша ұңғыма оқпанының
пішінін (формасын) жəне оның профилін ұңғыма қабырғасына дейін,
акустикалық импульстің таралуы мен кері қайтуын есептеу арқылы анықтайды.
Ұңғымалық акустикалық телевизор қондырғысы аналогты, бірақ ҰАТ-де
акустикалық тербелістер жиілігі жоғары. Нəтижесінде қашаудың ізін жəне
желобтар, каверналарды, жарықшақты жыныстардың орынын белгілеуге
болады.
Шегенделген ұңғымаларда ҰАТ құбырлардың жағдайын (майысуы,
ажырауы), перфорациялық тесіктердің орынын жəне санын анықтауға
мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: |