Narxoz Student Research-2021
Банкроттықты болжаудың екі негізгі тəсілі бар. Біріншісі,
бүкіл əлемге танымал, қаржылық формулаларға негізделген ко-
эффициенттер арқылы: Альтман (АҚШ), Туфлер (Ұлыбритания)
жəне басқалары.Екіншісі, банкротқа ұшыраған компаниялардың
тəжірибесі арқылы жасалады. Банкроттықты болжаудың біріңғай
əдісі жоқ, əр компания мамандары өзіне сəйкес əдісті қолданады.
Кəсіпорындардың банкроттық (дəрменсіздік) қаупін бағалаудың
шетелдік жəне отандық əдістерінің негізгі кемшіліктері мен ар-
тықшылықтары бір-біріне ұқсас. Отандық модельдердің айқын ар-
тықшылықтарының бірі – олар арнайы біздің нарыққа икемделіп
жасалынған.
Қорытындылай келе, кез келген компанияда банкротқа ұшы-
рау қаупі болады. Соның алдын-алу үшін соңғы жылдардағы
қаржылық есептен жоғарыда сипатталған коэффициенттер бой-
ынша болжау жасау қажет. Егер де, орташа деңгейден ауытқып,
қауіпті аймақта болса, қажетті шаралар қолданылуы шарт. Дер
кезінде қолданылмаған шара компанияның міндеттемелерін төлей
алмайтын деңгейге жетіп, болашақта банкротқа ұшырауы мүмкін.
Кəсіпорынның бірқалыпты, үздіксіз жұмыс істеуі үшін, осы ай-
тылған кеңестерді жыл сайын орындап отыруы қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |