17
Секция
«
Экология
и
устойчивое
развитие
»
сін кешенді шешу үшін Қазақстанның жүргізген бағдарламалары
талданып, мəселенің осал жақтары анықталады.
Аннотация
В статье подробно рассказывается о проблеме питьевой воды
в Республике Казахстан. Для комплексного решения проблемы
питьевого водоснабжения анализируются проводимые Казахстаном
программы; выявляются слабые стороны указанной проблемы.
Abstract
The article describes in detail the problem of drinking water in the
Republic of Kazakhstan. For a comprehensive solution to the problem
of drinking water supply, Kazakhstan’s programs are analyzed;
weaknesses of this problem are identifi ed.
Соңғы 30 жылда су ресурстарының тапшылығы туралы мəселе
климаттың өзгеруіне жəне басқа да жаһандық сын-тегеуріндер-
ге қатысты мəселелермен қатар бүкіл əлемде өзекті жəне негізгі
мəселелердің бірі болып табылады. Біріккен Ұлттар Ұйымының
2019 жылғы əлемдегі су ресурстарының жай-күйі туралы арнайы
баяндамасына сəйкес, бүкіл əлемде ауыз суды тұтыну деңгейі
1980 жылдардан бастап жыл сайын шамамен бір пайызға артып
келеді. Өсудің себебі – əлем халқының өсуі, əлеуметтік-эконо-
микалық даму жəне су ресурстарын тұтыну модельдерінің өзге-
руі. Сарапшылар суға əлемдік сұраныс 2050 жылға дейін осын-
дай қарқынмен өсе береді деп болжайды, бұл су пайдаланудың
ағымдағы деңгейімен салыстырғанда бірнеше ондаған пайызға
ұлғаюына əкеледі. Сондай-ақ, ұсынылған есепті талдай отырып,
планетада екі миллиардтан астам адам өмір сүріп, су ресурста-
рының тапшылығына тап болғанын жəне бүкіл əлемде 4 милли-
ардқа жуық адам жылына кемінде бір ай су тапшылығын бастан
кешіретінін атап өткен жөн. Ауыз суға деген сұраныстың өсуіне
жəне климаттың өзгеруіне əсер етудің күшеюіне байланысты суға
деген тапшылық Қазақстанда да күшейе береді (БҰҰ,2019).
Жер бетінің 70%-ы суды алып жатқанына қарамастан, тек 3%-ы
ғана ішуге болатын тоғандарға түседі. Қазақстан Республикасын-
да ауыз су мəселесі əсіресе өткір. Өйткені жердің климаты өзге-
руде, халық саны өсуде, сəйкесінше ауыз суды тұтыну деңгейі де
18
Narxoz Student Research-2021
өсуде. Кейбір аймақ-аудандағы халықты жер үсті сулары есебінен
ауыз сумен қамтамасыз ету мүлдем мүмкін емес болып отыр. Бү-
гінде жер асты сулары Қазақстанның түрлі өңірлерінің өндіргіш
күштерін дамытуда маңызды рөл атқаратын аса құнды пайдалы
қазбалар болып табылады. Олар, ең алдымен, ауыл шаруашылық
жəне ауыз сумен жабдықтау, емдік мақсаттар үшін, бірқатар пай-
далы қазбаларды алу үшін кеңінен қолданылады. Десе де, Қа-
зақстанда халықтың 20%-ы сапасыз суды пайдаланады. Ауыз су-
дың жалпы тапшылығына қарамастан, қазіргі уақытта барланған
жерасты су қоры көлемінің 0,2%-12%-ы ғана пайдаланылады.
Əсіресе, тұщы ауыз су мəселесі Арал жəне Каспий теңіздері өңір-
лерінде өзекті болып отыр (ПРООН, 2016).
Атырау облысының су тұтынудың жалпы балансындағы жер
асты сулары аз көлемді алады, бұл олардың шектеулі таралуына
немесе облыстың бірқатар аудандарында қажетті сападағы сулар-
дың толық болмауына байланысты: мысалы Құрманғазы, Исатай,
Маханбет, Индер аудандарында осындай жағдай орын алып отыр.
Сонымен қатар, Атырау облысының аумағында ондаған мұнай
өңдеу станциялары, мұнай базалары, АЖС, Атырау мұнай өңдеу
зауытының өндірістік ағынды су жинағыштары, ағынды суларды
ағызуға арналған 15 көл, сегіз ферма жəне басқа да ластағыштар
бар. Осылардың есебінен ауыз су мақсатында алынатын жер асты
суларының шамамен 35%-ы ластануы əбден мүмкін деңгейде тұр.
Атырау облысының шаруашылық-ауыз су сапасындағы жер
асты суларының құнарлығы да өте кедей деңгейде жəне соған қа-
рамастан барланған қорлар іс жүзінде əлі де пайдаланылмайды.
Шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау үшін жарамды жер асты су-
лары мен таралған жер асты сулары кен орындарының жəне пер-
спективалы учаскелердің барланған қорлары арқылы толық пай-
даланылған жағдайдың өзінде облыс халқының тек 50%-на дейін
ғана жер асты сулары есебінен ауыз сумен жабдықтауды қамта-
масыз етудің нақты мүмкіндігі бар екенін атап өткен жөн. Демек,
барланған жерлерден ауыз суды пайдаланудың өзі де толыққанды
жеткіліксіз болып отыр.
Солтүстік Қазақстан, оның ішінде Ақмола облысында жер
үсті жəне жер асты суларының су ресурстарына айтарлықтай
тапшылық байқалады. Өйткені Ақмола облысында жер асты сула-
рының ірі кен орындары жоқ. Жер асты суларының қоры негізінен