Сборник II научно-практической международной студенческой конференции Narxoz Student Research-2021



Pdf көрінісі
бет18/514
Дата22.01.2022
өлшемі3,66 Mb.
#129635
түріСборник
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   514
Байланысты:
narxoz-student-research-2021

Narxoz Student Research-2021

лаулардың жеткіліксіздігінен, экономикалық тапшылықтың жəне 

саясаттың  біркелкісіздігінен  бұл  жағдай  да  қолға  алынбай  отыр. 

Мысалы ҚР Индустрия жəне жаңа технологиялар министрлігі Ге-

ология жəне жер қойнауын пайдалану комитетінің деректері бой-

ынша  Қызылорда  облысы  жəне  оған  іргелес  аумақтар  бойынша 

тəулігіне 1407,3 мың м

3

 жер асты суларының пайдалану қорлары 



барланған жəне бекітілген. Бірақ бұл деректер 20 ғасырдың 70-80 

жылдағы жұмыс нəтижелерінің деректері; демек деректер əлбетте 

сенімді емес жəне жер асты суларының қорларын қайта есептеу-

ді қажет етеді (Третьякова, Джуланова, Третьякова жəне Хабдин, 

2009). 

Десе  де,  соңғы  жылдары  ҚР  Үкіметі  қомақты  қаражат  бөліп, 

облыс, қалалар мен аудандар басшылығы өңір тұрғындарын ауыз 

сумен қамтамасыз ету үшін үлкен күш жұмылдыруда, соның арқа-

сында облыс тұрғындарының басым бөлігі таза суға қол жеткізіп 

жатыр.  Мысалы  тұңғыш  Президент  күніне  орай  2017  жылы  Қы-

зылжарма  жер  асты  су  кен  орны  пайдалануға  берілді.  Осындай 

нəтижелерге  қарамастан,  «егер  тиісті  шаралар  қолданылмаса, 

Қазақстанда  2050  жылға  қарай  ауыз  су  тапшылығының  деңгейі 

үш  есе  өсуі  мүмкін»,  –  деп  атап  өтті  өз  мақаласында  су  мəселе-

лері  жөніндегі  шолушы  Құндыз  Əділбекова.  Су  ресурстарының 

жетіспеушілігі  проблемасы  Еуразия  құрлығы  үшін,  атап  айтқан-

да Орталық Азия мемлекеттері үшін де негізгі мəселелердің бірі 

болып  табылады.  Орталық  Азияның  демографиялық  өсуі  үлкен 

қарқынмен  өсуде,  ал  ресурстарды  ұтымсыз  басқарудың  салда-

рынан халық үшін тұщы судың мөлшері жəне жаңа жерлерді су-

ару азайып келеді. Сонымен қатар, жаһандық жылынудың салда-

рынан су ресурстары балансының өзгеруі аймақтың су ресурста-

рының  азаюына  əкеледі.  Əсіресе,  сарапшының  пікірінше,  ауыз 

су  ресурстарының  жетіспеушілігі  бойынша  Орталық  Азиядағы 

ең  осал  жəне  кедей  мемлекеттердің  бірі  Қазақстан  болып  табы-

лады  (БҰҰ-сұхбат,  n.d.).  Жалпы,  Қазақстандағы  су  тапшылығы 

ауыз суға да, ауыл шаруашылығы мен өнеркəсіптің мұқтаждықта-

ры үшін де қатысты. Бұл ретте, республикада сумен қамтамасыз 

етілу жағдайы өңірлер бойынша айтарлықтай ерекшеленеді. 2016 

жылғы қоршаған ортаның жай-күйі туралы жəне Қазақстан Респу-

бликасының табиғи ресурстарын пайдалану туралы Ұлттық баян-

дамаға сəйкес «сумен жеткілікті түрде қамтамасыз етілген өңірлер 




21



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   514




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет