Секция
«
Экология
и
устойчивое
развитие
»
ды дамытудың мемлекеттік бағдарламасына құрамдас бөліктердің
бірі ретінде де енгізілді (№ 1176 Қаулы, 2010).
«Ақ бұлақ» мемлекеттік бағдарламасы тоғыз жыл бұрын
басталғанына қарамастан, жобаның сəттілігін немесе сəтсіздігін
бағалау өте қиын. Бірақ, ең болмағанда, осы кезеңде осы бағдар-
ламаны жоспарлау мен іске асыруда жіберілген ірі кемшіліктерді
бөліп көрсетуге болады(Марат Көшімбаевпен тікелей сұхбат, n.d.).
Жалпы алғанда, ауыз су тиісті инфрақұрылыммен қамта-
масыз етілуі керек. Белгілі болғандай, сумен жабдықтау ин-
фрақұрылымдарының жүйелері құбырлардан, арналардан, гидро-
техникалық құрылыстардан, тазарту станцияларынан жəне т.б.
тұрады, бірақ бұл ретте «Ақ бұлақ» мемлекеттік бағдарламасы
жаңа гидротехникалық құрылыстар салуды көздемеді, ал бұл су-
мен жабдықтау жүйелерін салу кезіндегі негізгі элементтердің бірі
болып табылады. Сондықтан қазірдің өзінде осы бағдарлама ая-
сында инфрақұрылымдық нысандар іске асырылмағандығын то-
лыққанды болжауға болады. Мұндай шарттардың болмауы іске
асырылып жатқан бағдарламаның негізгі қорытындыларына кері
əсер ететіндігі сөзсіз.
Гидротехникалық құрылыстарды салу қажеттілігі Қазақстан-
ның географиялық ерекшеліктеріне де байланысты. Қазақстан
су жинақтау үшін тереңдетудің табиғи жағдайлары жоқ жазықта
орналасқан, мысалы, көршілес Қырғызстанда да сондай жағдай,
сондықтан ауыз суды ұтымды жинақтау үшін Қазақстанға арнайы
гидротехникалық құрылыстар салу ұсынылуы қажет. Олардың
құрылысы сумен қамтамасыз ету мəселесін ғана емес, көктемгі
кезеңде Қазақстанның қалалары мен ауылдарындағы су тасқыны
мəселесін де шешеді деген пікірге келіп отырмыз (Мұрат Сүйінба-
евпен тікелей сұхбат, n.d.).
Қорытындылай келе, келесі тұжырымда мен ұсыныстарды
бөліп көрсетуге болады. Ел аумағы бойынша тұщы су көздерінің
біркелкі бөлінбеуі, сумен жабдықтаудың ескірген инфрақұрылы-
мы, географиялық ерекшеліктері, су ресурстарын ұтымсыз басқа-
ру, су саясатын қалыптастырудағы басымдылықтың жеткіліксіз
деңгейі, мұнай өндіру мен газға қатысты экономиканың шикізат-
тық бағыты – бұл Қазақстанның су ресурстарының қысқару себеп-
терінің негізгілері ғана. Қазақстанға су саясатын қалыптастыруға
кешенді тұрғыдан келу қажет, ол бейінді ведомстволар (министр-
|