Секция
«
Экономика
»
лекеттік кредиттік – банктік жəне сақтандыру жүйелерінің тар-
тылған қаражаты, мемлекеттің сыртқы (халықаралық қарыз алу)
жəне ішкі борышы (Мемлекеттік облигациялық жəне өзге де
қарыз дар) түріндегі қарыз қаражаты.
Кəсіпорын деңгейінде қаржыландыру көздері: кəсіпорынның
меншікті қаражаты (пайда, амортизациялық аударымдар, сақтан-
дыру өтемақылары, материалдық емес активтер, уақытша бос не-
гізгі жəне айналым қаражаты), акцияларды сатудан тартылған қа-
ражат, сондай-ақ жарналар, мақсатты түсімдер жəне т. б., əр түрлі
негізде бюджеттік, банктік жəне коммерциялық кредиттер түрін-
дегі қарыз қаражаты (Мотовилов, 1997).
Инвестициялық жəне инновациялық қызметтің əлемдік тəжіри-
бесі капитал салудың неғұрлым перспективалы түрі инноваци-
ялық жəне ғылыми-техникалық жобаларды қаржыландыру бо-
лып табылатынын көрсетеді. Бұл бағыт əсіресе өндірісті, оның
ішінде капиталды көп қажет ететін салаларды, сондай-ақ ғылым-
ды көп қажет ететін өндірістерді кеңейтуді, жаңғыртуды жəне
жаңартуды қажет ететін Қазақстан үшін өзекті мəселеге айналып
отыр.
1. Қазіргі уақытта инновациялық фактор экономиканың тұрақты
дамуының шешуші шартына айналуда. Мəселе мынада, инвести-
циялардың жалпы көлемін ұлғайту қажеттілігімен қатар, эконо-
миканың сəтті жұмыс істеуі үшін инвестициялардың құрылымын
өзгерту қажет, яғни инвестициялардың едəуір бөлігін инноваци-
ялық қызметті қаржыландыруға бағыттау қажет (Гапоненко, 2011,
25 б.).
Өкінішке орай, Қазақстан Республикасындағы инновациялық
қызмет пен инвестициялық климаттың қазіргі жағдайы экономи-
каның өркениетті даму талаптарына сəйкес келмейді. Мемлекеттік
сектордың ғылыми зерттеулер мен əзірлемелерді қаржыландыру-
дағы мүмкіндіктерінің тарылуы, кəсіпорындардың өз қаражаты-
ның жетіспеуі жеке инвестициялардың ағынымен толықтырыл-
майды (Гапоненко, 2011, 7 б.).
Инновациялық саясаттың іс-шараларын жүзеге асыру үшін
мемлекеттік бюджет есебінен де, жеке сектор есебінен де қаржы-
ландырылуда. Бірақ инновациялық процесстерді қаржыландыру
деңгейі өте төмен деңгейде. Қаржыландыру деңгейі туралы төмен-
дегі графиктен көруге болады.
266
Достарыңызбен бөлісу: |