Секция
«
Экономика
»
жергілікті масштабта ғана жаңа дүние болып қалуда. Бұл жағдай-
дың басты себептерінің бірі – бəсекелестіктің жеткіліксіз деңгейі
жəне көптеген қазақстандық компаниялардың монополизмі. Со-
нымен қатар, əкімшілік ресурстың мəні əлі де үлкен болып қала
береді. Оны пайдалану бəсекелестерден əртүрлі экономикалық
артықшылықтар алуға мүмкіндік береді (төмен тарифтер, төмен
пайыздық несиелер жəне т.б.). Бұл əсіресе ірі мемлекеттік компа-
нияларға қатысты.
Инновациялық қыметті қаржыландырудың тағы бір мəселесі
– инновациялық жобаларды іске асыратын отандық кəсіпорын-
дардың көпшілігінде кездесетін жеткілікті қаражаттың болмауы.
Кəсіпорындардың қаржылық қиындықтарға тап болуынан, олар-
дың өздерінде қаржылық жетіспеушіліктердің болуы инноваци-
ялық процесстердің дамуына да кері əсер етеді.
Инновациялық қызметті қаржыландырудағы кезекті бір үлкен
проблема (кез келген салада) əлсіз заңнамалық база болып табы-
лады. Инновациялық кəсіпкерліктің құқықтық ортасын қалыпта-
стыру – инновациялық кəсіпкерлік субъектілеріне экономикалық
еркіндікті қамтамасыз ететін міндетті шарт болып табылады. Нор-
мативтік базаны қалыптастыру инновациялық кəсіпкерлікті дамы-
ту жолындағы көптеген мəселелерді шешеді.
Қазақстанда осы секілді инновациялық жобаларды қаржылан-
дырудың бірқатар мəселелерін байқаймыз. Осы мəселелерді шешу
жолын қарастыру барысында инновацилық жүйесі жеткілікті дең-
гейде дамыған шетелдік тəжірибелерге назар аударып, өзімізге
керектілерін алу маңызды. Дамыған мемлекеттермен тəжірибе
алмасу, сəтті тəжірибелерін еліміздің инновациялық жүйесінде
қолдану өз жемісін берері сөзсіз. Осы орайда əлемнің инноваци-
ялық жүйесі жоғары деңгейде дамыған АҚШ, Германия, Жапония,
Ұлыбритания секілді мемлекеттерінің инновациялық қызметті
қаржыландырудағы мəселелерді шешу жолдарын келтіріп кетсем
деймін. Төмендегі кестеден аталған мемлекеттердің инноваци-
ялық жобаларды қаржыландырудағы мемлекеттің қолдау нысан-
дарын көруге болады. ( 1-кесте)
Əртүрлі елдерде зерттеулер мен əзірлемелерді ынталанды-
рудың тарифтік жəне тарифтік емес кедергілер, мемлекеттік са-
тып алулар сияқты өзге де нысандары пайдаланылатынын атап
өткен жөн. Мысалы, Ұлыбритания қауіпті технологиялық өз-
268
Достарыңызбен бөлісу: |