Сборник II научно-практической международной студенческой конференции Narxoz Student Research-2021



Pdf көрінісі
бет241/514
Дата22.01.2022
өлшемі3,66 Mb.
#129635
түріСборник
1   ...   237   238   239   240   241   242   243   244   ...   514
Байланысты:
narxoz-student-research-2021

Narxoz Student Research-2021

функцияларды  орындайды  жəне  жекелеген  жобалардың  шығын-

дарын жабуға қатысады.

Инновацияны қаржыландырудың осы түрінің пайдасын қаты-

сушылардың барлығы алады:

- жобаны іске асыратын кəсіпорын – жаңа  өндірісті енгізу мүм-

кіндігі, нарыққа инновациялық тауарларды шығаруға;

- тауар өндірушілердің қауымдастықтары мен одақтар – инве-

стицияланатын  жобалардың болашақ пайдасындағы олардың қа-

тысуына мөлшерлес үлесін алуға;

-   мемлеке – саланы  дамыту, кəсіпорындардан салықтар мен 

алымдар түрінде бюджеттік кірістерді арттыру, бірқатар əлеумет-

тік  мəселелерді  шешу,  тауарлардың  импортын  алмастыру  жəне 

азық-түлік қауіпсіздігі деңгейін арттыруға мүмкіндік алады. (Про-

блемы современной  экономики, 2009, 9 б.)

Егер  ғылымға,  инновацияға  деген  көзқарас  өзгеріссіз  қалса, 

онда  экономиканың  қарабайыр  құрылымының  консервацияла-

нуына, елдің ғылыми технологиялық артта қалуының ұлғаюына, 

қазақстандық шикізаттық емес өнімнің халықаралық бəсекеге қа-

білеттілігінің  одан  əрі  қысқаруына  жəне  əлемдік  көшбасшылар-

дың  шикізат  қосымшасы  мəртебесінің  ұзақ  уақытқа  бекітілуіне 

ешкім кедергі бола алмайды.. Мемлекеттің белсенді қызметі қазір-

гі жағдайды өзгерте алады жəне елдің экономикасының дамуына, 

өркениетті мемлекеттер қатарына қосылуына жол ашады. 

Инновациялар елдің экономикалық дамуы үшін кең мүмкіндік-

тер  мен  үлкен  перспективалар  жасайды.  Инновациялық  серпіліс 

стратегиясын  жүзеге  асыру  үшін  инновациялық  қызметті  ынта-

ландыру жəне реттеу мақсатында мемлекеттің белсенді араласуы 

қажет.  Мемлекеттік  қаржыландырудың  жеткіліксіздігі  тұтастай 

алғанда  инновациялық  қызметтің  дамуына  теріс  əсер  етеді,  өйт-

кені бөлінетін қаражат көлемі ғана емес, сонымен бірге бұл қара-

жат қалай жəне кімге бөлінетіні де маңызды. Сондай-ақ мемлекет 

əлемнің дамыған елдерінде қолайлы инновациялық ахуал жасау-

дың негізгі əдісі болып табылатын ғылыми қызметті ынталанды-

рудың жанама тетіктерін пайдалануға тиіс.

Инновациялық қызметтегі жаңа бастамалар көп жағдайда ше-

телдік тəжірибені бейімдеуге негізделеді. Алайда қарызға алынған 

құралдар жақын арада қазақстандық ерекшелікке ие болады жəне 

қазақстандық экономикалық ортада трансформацияланып, көбіне-

се болжанбайтын нəтижелерге əкеледі.




271



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   237   238   239   240   241   242   243   244   ...   514




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет