Сборник II научно-практической международной студенческой конференции Narxoz Student Research-2021



Pdf көрінісі
бет290/514
Дата22.01.2022
өлшемі3,66 Mb.
#129635
түріСборник
1   ...   286   287   288   289   290   291   292   293   ...   514
Байланысты:
narxoz-student-research-2021

Narxoz Student Research-2021

лауға  жəне  жауапты  шешімдер  қабылдауға  қабілетті  болуы  ке-

рек.  Білім  беру  парадигмасының    «білімділіктен»  білімді  бел-

сендіге  ауысуы  бітірушіге  қарқынды  өзгеретін  əлеуметтік-эко-

номикалық  жағдайларға  мобильді  бейімделуге  мүмкіндік  бе-

ретін  белгілі  бір  құзыреттер  жиынтығын  тəрбиелеу  қажеттілігін 

тудырады.

Əлеуметтік  волонтерліктің  ерекшелігі  -  волонтерлік  көмектің 

объектісі  көмекке  мұқтаж  жеке  тұлғалар  немесе  əлеуметтік  топ-

тар  болып  табылады.  Мысалы,  жетім  балалар  мен  ата-анасының 

қамқорлығынсыз  қалған  балалар,  аз  қамтылған  отбасылардағы 

балалар, мүмкіндігі шектеулі балалар жəне басқа топтар. Мұндай 

топтарға көмектесу үшін əртүрлі еріктілер жобалары жұмыс істей-

ді (Кононова, 2005).

Əлеуметтік  волонтерлік  арқылы  өмірлік  қиын  жағдайдың  ал-

дын  алу  немесе  оны  қамтамасыз  үшін,  олардың  тыныс-тіршілігі 

жағдайларын  жақсарту  жəне  (немесе)  өздерінің  негізгі  өмірлік 

қажеттіліктерін өз бетінше қамтамасыз ету мүмкіндіктерін кеңей-

ту мақсатында жекелеген азаматтарға жəне халықтың əлеуметтік 

топтарына көмек көрсету қамтамасыз етіледі.

Мұндай қызметте кім волонтер болады?

- зейнет жасындағы адамдар - «күміс еріктілер»;

- мүгедектігі бар адамдар;

- жастар;

- жұмыс істейтін азаматтар;

Сондай-ақ,  қазіргі  уақытта  азаматтардың  əртүрлі  санаттары 

волонтерлік  қызметке  қызығушылық  танытуда.  Мектеп  оқушы-

ларынан бастап зейнеткерлерге дейін барлығы волонтер болғысы 

келеді.

Волонтерлік тағы не үшін қажет? Волонтерлік қызмет арқылы 

адам өзінің құндылықтар жүйесіне кіреді:

- оптимизм (өмірге оң көзқарас);

- əлеуметтік жауапкершілік;

- əлеуметтік дағдылар – өз бетінше шешім қабылдау;

- мейірімділік / қамқорлық;

- адам өмірінің құндылығы («біз сені сол қалпында қабылдай-

мыз жəне сен басқаларды қабылдайсың!»);

- салауатты өмір салтының құндылықтары;

- «жоқ» деп айта білу, мақтаныш, еріктілікке деген сенім;



325



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   286   287   288   289   290   291   292   293   ...   514




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет