Секция
«
Социология
и
политология
»
өздерінің күнделікті өмірінде қиындықтарға тап болып отыр. Мү-
гедек балаларды тұтастай қоғамға интеграциялау бұрынғысынша
Қазақстан Республикасындағы əлеуметтік саясаттың шешілмеген
мəселелерінің бірі болып табылады. Мүгедектігі бар балалардың
жалпы білім беру жүйесіндегі интеграциясы мен теңдігі сияқты
аспектілер міндетті түзету, педагогикалық жəне психологиялық
көмек тұрғысынан көп күш-жігерді қажет етеді.
Америка Құрама Штаттары, Еуропалық Одақ елдері, Ресей Фе-
дерациясы сияқты алыс шет елдермен салыстыра отырып, біздің
əлеуметтік қорғау жəне халықтың қорғалмаған топтарын қолдау
жүйесі олардан едəуір артта қалғанын атап өтуге болады. Бүгінгі
таңда Қазақстан Мүмкіндігі шектеулі балаларды əлеуметтік қол-
даудың швейцарлық үлгісіне негізделген, ол барлық басқа модель-
дер арасында алдыңғы қатарлы болып табылады. Əрине, əр елдің
менталитеті, əдет-ғұрпы мен дəстүрі əр түрлі екенін ұмытпау керек,
сондықтан біздің еліміз оны əлі толық игермеген жəне қолданбаған.
Əрине, мүмкіндігі шектеулі балаларға қамқорлық жасау өте
маңызды жəне қажет, олар барлық адамдар сияқты қалыпты өмір
сүре алады. Өйткені, біздің болашағымыз салауатты ұрпаққа бай-
ланысты.
Достарыңызбен бөлісу: |