Narxoz Student Research-2021
Қазіргі таңда статистикалық деректемелерген сүйенсек, жан
басына шаққандағы ІӨӨ 2014 жылы өткен жылмен салыстырған-
да 2,6% өсті, еңбек өнімділігі 49% өсті, жұмыссыздық 6,3%-дан
5,6%-ға түсті, өмір ұзақтығы 3 жылға өсіп, 74 жасқа жетті, 1000
туылғанға сəби өлімі 16-дан 8-ге дейін төмендеді, 1 мұғалімге
оқушылардың саны, халықтың едəуір өсуіне қарамастан, 13-тен
14-ке дейін өсті, мектепке дейінгі білім беруді қамту 26%-ға арт-
ты, 60% құрап отыр, 100 мың тұрғынға есептегенде ұрлық саны
295-тен 221-ге дейін төмендеді.Алдағы 5 жылда мемлекеттік əле-
уметтік жəрдемақылардың мөлшері жүйелі түрде көтеріліп, ал
атаулы əлеуметтік көмек ең төменгі күн көріс деңгейінің 60%-ға
дейін жеткізіледі [6]. Осы цифрларға қарап, біз, бұрынғы жылмен
салыстырғанда Алматы қаласының халықтың əл-ауқатының қалай
көтерілгенін көре аламыз. Əлі де, дамыған мемлекеттердің қата-
рына қосылу үшін, экономикалық əл-ауқаттың жоғары дəрежеде
өсетінен сенімдіміз.
Алматы қаласы-қазіргі кезде дамушы мемлекеттің мəдени ор-
талығы. Осы ретте жоғарыдағы келтірілген дəйектемелерге сүй-
еніп, Алматы қаласының экономикалық əл-ауқат басқармасының
жұмысының қаншалықты деңгейде екеніне баға бере аламыз.
Экономикалық жақтан, халықтың тұрмыс-тіршілігі жақсарды.
Осыдан бірнеше жыл бұрын, атап айтсақ, 90-жылдары, халықтың
əлеуметтік жағдайы төмен болды. Азық-түліктің жетіспеушілігі,
елде жұмыссыздықтың болуы, барлығы дерлік халықтың жағдай-
ының төмен болуына əкеліп соқты. Алайда қазір бұл мəселелер
ақырындап жолға қойылу үстінде.
Алматы қаласы бойынша орташа айлық көрсеткіштер
Жоғарыда көрсетілген Алматы қаласының жыл сайынғы ең
төменгі жалақы көрсетілген. 2017 жылы 24459 тг, 2018 жылы
28284 тг, 2019 жыл мен 2020 жылы ең төменгі жалақы мөлшері
42500 тгні құраған. Бұдан шығатын қорытынды, жалақының жыл
сайын өсіп келе жатқанын көруімізге болады.
Сонымен, əлеуметтік əл-ауқат саласында үлкен жетістіктер
көрінуде. Бұл біріншіден, халықтың жақсы өмір сүруіне əкелсе,
екіншіден, мемлекеттің экономикасының дамуына үлкен септігін
тигізуде. Мемлекетті халық құрайды. Мемлекеттің негізгі тұтқа-
сы-халық. Халықтың əл-ауқатты болуы, өз кезегінде мемлекет
үшін маңызды болып есептеледі. Мемлекеттің дамыған 30 елдің
407
Достарыңызбен бөлісу: |