Сборник II научно-практической международной студенческой конференции Narxoz Student Research-2021



Pdf көрінісі
бет368/514
Дата22.01.2022
өлшемі3,66 Mb.
#129635
түріСборник
1   ...   364   365   366   367   368   369   370   371   ...   514
Байланысты:
narxoz-student-research-2021

Секция

 «

Социология

 

и

 

политология

»

лалы отбасылардың əлеуметтік проблемасы тек Қазақстанда ғана 

емес, басқа елдерде де жиі кездесетін мəселелердің бірі. Мысалы, 

көршілес мемлекет Ресейде де аталмыш мəселе көптеп кездеседі. 

Ресейдегі  күрделі  демографиялық  проблемалар  жəне,  ең  ал-

дымен,  халықтың  көбею  проблемалары  қоғам  мен  мемлекеттен 

қазіргі  кезеңдегі  отбасылық  дамудың  жаңа  тенденцияларына 

ерекше назар аударуды қажет етеді. Мемлекеттің соңғы жылдар-

дағы  отбасыларды,  аналар  мен  балаларды  əлеуметтік  қолдауға 

бағытталған  белсенді  саясаты  демографиялық  проблемаларды 

азайтуға  жəне  отбасыларына  бала  тəрбиесінде  көмек  көрсетуге 

шақырылды.

Ресей  Федерациясындағы  балалар  мен  балалары  бар  отбасы-

лардың  жағдайын  жақсарту  жөніндегі  мемлекеттік  саясатты  іске 

асырудың өзі қажетті нормативтік-құқықтық базамен анықталған 

қоғам  алдында  тұрған  міндеттермен  шартталған,  атап  айтқанда: 

Ресей Федерациясының Отбасы кодексі, 2012-2017 жылдарға ар-

налған  балалар  мүддесіндегі  іс-қимылдың  ұлттық  стратегиясы, 

Стратегия 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған Ресей Федерация-

сының инновациялық дамуы, 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған 

Ресей  Федерациясының  ұзақ  мерзімді  əлеуметтік-экономикалық 

даму тұжырымдамасы, 2025 жылға дейінгі кезеңге арналған Ресей 

Федерациясының демографиялық саясатының тұжырымдамасы.

Қазіргі  кезде  дамыған  елдерде  отбасылық  саясатты  жетілдіру 

мəселелері басты назарда, ал реформалар модельдері көп жағдай-

да  отбасын  қолдау  жүйесінің  сипатына  байланысты.  Көпбалалы 

отбасылар  ең  жоғары  əлеуметтік  тəуекелмен  сипатталады  жəне 

əлеуметтік-экономикалық  тұрақсыздық  жағдайында  көп  қолдау-

ды  қажет  етеді.  Көп  балалы  отбасыларды  əлеуметтік  қолдаудың 

тиімді  мемлекеттік  шараларын  іздеудегі  мемлекеттердің  жи-

нақталған тəжірибесі осы мақалада талданған.

Көпбалалы отбасыларға əлеуметтік көмек көрсетудің шетелдік 

тəжірибесіне тоқтала отырып, мен Батыс елдерінде жəне АҚШ-та, 

сондай-ақ Ресейде 3 жəне одан да көп балалары бар отбасы көпба-

лалы болып саналатынын ескердім. Мұқият талдау көрсеткендей, 

бұл елдерде мұндай отбасының əрқайсысы қолдау мен субсидия 

алуға құқылы емес. 

Чехияда мұндай артықшылықты ананың зейнетке шығу жасы-

ның төмендеуі деп те атайды, яғни əр туылған бала өзінің жасын 



412



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   364   365   366   367   368   369   370   371   ...   514




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет