Секция
«
Социология
и
политология
»
Azerbaijani-Armenian military-political war broke out in the 90s and
has reached our days. As a result, innocent people and the military were
on the ground. No matter what, the dispute over religion and land is
not resolved. Both sides fought to the last breath. In the end, it is told
that justice has been served. The author emphasizes the impact of the
confl ict on both sides, the active participation of great powers and well-
known international organizations in solving problems of concern to
the whole world. Even though the shooting stopped, both sides realized
that reaching a general agreement was not easy, and the parties that
came to a compromise. It is emphasized that in the future, measures are
being taken to preserve the seized land.
Бұрынғы КСРО аумағындағы ұзаққа созылған мемлекетаралық
жəне халықаралық мəселелердің сипатына айналған ең ауқымды
қақтығыс Таулы Қарабақ аймағы. Өткен ғасырдың 80-ші жылдары-
ның соңында КСРО-ның саяси кеңістігінде пайда болған Қарабақ
Одақ ыдырағаннан кейін Əзірбайжан Республикасы мен Армения
Республикасының арасындағы отыз жылдық қақтығысқа əкеліп
соқты. Осы мəселеге байланысты жаңадан құрылған екі мемлекет
тəуелсіздік алған алғашқы күндерден бастап қарулы қақтығысқа
түсті. Таулы Қарабақ-Əзірбайжан мен Армения арасында орна-
ласқан даулы шекаралы аймақ. Өзін өзі тəуелсіз мемлекет ретінде
жариялаған Таулы Қарабақ республикасы 1991 жылы 2 қыркүйек-
те құрылды. Астанасы жəне ең үлкен қаласы- Степанакерт. 2017
жылғы дерек бойынша Қарабақты 147 мың адам қоныстаған.
Аймақтағы қарсыласу неден басталды? Географиялық тұрғы-
дан Қарабақ аумағы жазық жəне таулы бөліктерге бөлінеді. Жазық
Қарабақта тарихи тұрғыдан əзірбайжан халқы басым болды, таулы
аймағында-армяндар. Тарихи себептерге назар аударсақ, Қарабақ
аумағы екі жаққа да тиесілі. Əзірбайжандар ежелден бұл аймақ
өздерінікі деп санайды, армяндар керісінше Қарабақ бастапқыда
армяндардың тұратын жері болған, Əзірбайжандықтар заңсыз ба-
сып алды дейді. Кейбір даулар осы аймақтың атауынан көрініп жа-
тады. “Қарабақ” - бұл парсы жəне түрік тілдерінің бірігуі арқылы
шыққан сөз. Армян тілінде “Арцах”деп аталса, əзірбайжан тілінде
“югари” немесе “даглы карабаг”. Дəл осы Қарабақ қақтығысын
талдағанда ылғи бір чұрақ мазалайды. Неге бір тарихи-мəдени,
оның үстіне бір географиялық аймақта тұратын армяндар мен
478
Достарыңызбен бөлісу: |