Сборник II научно-практической международной студенческой конференции Narxoz Student Research-2021



Pdf көрінісі
бет426/514
Дата22.01.2022
өлшемі3,66 Mb.
#129635
түріСборник
1   ...   422   423   424   425   426   427   428   429   ...   514
Байланысты:
narxoz-student-research-2021

Секция

 «

Социология

 

и

 

политология

»

жиіледі.  Жанжалдасудың  соңы  бір  шешімге  келгендей  нəтиже 

берді, яғни Таулы Қарабақ тұрғындарына өзін-өзі басқару құқығы 

берілді,  бірақ  заңды  түрде  (де  юре)  территориясы  Əзірбайжанға 

бағынатын  болды.  Таулы  Қарабақ  автономиялық  облысына  ай-

нала  отырып,  өзін  Əзірбайжан  КСР-інен  гөрі,  Кеңес  Одағының 

бір  бөлігі  деп  санауды  жөн  көрді.  Сонымен  Кеңестер  Одағының 

алғашқы  кезеңінде  Таулы  Қарабақ  еліне  автономия  беріліп,  оны 

Əзербайжанның  территориясы  деп  белгіленген  шешім  жүзеге 

асты. 


Дегенмен,  екі  халық  арасында  жаппай  қақтығыстар  тоқта-

мады.  Араға  біршама  уақыт  салып  аймақтағы  армян  халқының 

Əзірбайжанның əлеуметтік-экономикалық саясатына наразылығы 

күрт өсті. Əзірбайжан үкіметі қабылдаған шаралар жағдайға əсер 

етпеді.  ХХ  ғ.  80-ші  жылдары  елде  студенттердің  жаппай  ереуілі 

басталып, ірі қала Степанакертте мыңдаған ұлтшылдар қатысқан 

митингілер  өтті.  Бұл  Таулы  Қрабақ  аумағындағы  халықтардың 

жағдайына  үлкен  əсер  етті,  көптеген  əзірбайжандар  жағдайды 

бағамдап аймақтан кетуге шешім қабылдады. Сөйтіп таулы Қара-

бақ ауданы үшін қақтығыстың екінші кезеңі басталды. 

1988  жылы  армяндар  мен  əзірбайжандар  арасында  қарулы 

қақтығыс басталды. Аумақ Əзірбайжанның бақылауынан шықты. 

1987-1988  жылдар  аясында  Қарабақтың  көп  бөлігін  мекен  еткен 

армян халқының қарсылығы күшея түсті. Онымен қоса қақтығы-

стың ұзаққа созылуына байланысты Армкния іс жүзінде блокада-

да болды, бұл жағдай екі жақтыңда экономикалық дамуына кері 

əсерін берді [3.с 165].

Арадағы қақтығыстарға қарамастан Таулы Қарабақтың тұрғын-

дары Кеңес Үкіметіне байырғы облыстың мүддесін қайтару тура-

лы  қарар  жіберуге  шешім  қабылдады.  Қарабақтың  Əзірбайжан-

ның  билігінде  болғанын  құптамаған  армян  студенттері  шеру-

лерге  шығуды  əдетке  айналдырды.  Соның  дəлелі  ретінде  1987 

жылы Əзірбайжанның астанасында жастар қозғалысы орын алды. 

Алғашқыда жастар қозғалысының тақырыбы жергілікті аумақтың 

экологиясына бағытталған болатын. Шерудің соңы Қарабақты Ар-

мянның қол астына қайтарумен өрбіді. Халықтың алаңға шығуы-

ның  тағы  бір  себебі  аумақтың  біршама  экономикалық  тұрғыдан 

артта  қалып,  армяндықтардың  жаппай  тарлық  көруі  еді.  Соның 

есебінен  Əзірбайжан  билігіне  арыздар  көптеп  түсіп  жатты.  Ара-



480



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   422   423   424   425   426   427   428   429   ...   514




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет