Narxoz Student Research-2021
тан Назарбаевтың бастамасымен қолға алынды [5.с189]. Екеуара
төмендегідей əрекеттерге барды:
-атысты тоқтату
-жаңа сайлау жүргізу
-босқындарды қайтару
-Таулы Қарабақта жаңа мемлекет құру.
Нұрсұлтан Назарбаев араға бір жыл салып қайта делдалдық қы-
змет атқарды. Бірақ бұл əрекеті сəтсіз натиже берді. Бұған армян
тарапының Назарбаев аумақтық тұтастықты сақтап шекараларды
сақтауда жақтайды деген күмəні негіз болды. Осы секілді нəтиже-
сіз келіссөздерден кейін ірі халықаралық ұйымдар бұл мəселеге
ерекше назар аудара бастады. Посткеңестік мемлекеттер ЕҚЫҰ
ұйымына кіре бастаған кезде, Таулы Қарабақ жанжалын реттеу
бойынша делдалдық күш салу процессі басталды. Алғашқы келіс-
сөздер кезеңі 1992 жылы Рим қаласында өтіп, бірнеше кезеңдер-
ге бөлінді. Бұл отырыстың өтуіне бірден бір себеп 1992 жылы 8
мамырда армян əскері тарапынан болған қарулы қақтығыс. Нəти-
жесінде Қарабақтағы Шуша қаласын басып алып 50 мың əзірбай-
жандықтарды жер аударып жібереді. Шуша қаласын басып алу ірі
əскери құрылыммен жүзеге асты. Артиллерия,танктер, сиияқты ірі
соғыс құралдары. Арада бір апта өткенде келесі маңызды қалалар-
дың бірі Лачин басып алынады. Келіссөздердің біріші кезеңінде
басып алынған қалалардан əскери құрылымдардың шығарылуын,
жер аударылып, қақтығыс салдарынан босқын болған халықты өз
мекеніне қайтаруға кепілдік болатын құжат дайындалды. Жал-
пы аумақтың 13,4%-ы армян жағының бақылауында болып кел-
ді [6.с132]. 1991 жылдың қыркүйгіне дейін келіссөздердің төрт
бөлімі қаралғанымен соңында нəтижесіз аяқталып жатты. Римдік
татуластырудан кейін Париж жəне Вена қалаларында жаңадан
конференция шақырылып, қақтығыс тараптарын жеңуге бағыт-
талған жаңа жоспарлар құрылды. Қарулы қақтығыстардың ал-
дын алу мақсатында күш қолдану позициясына көшті [7]. Алайда,
атқарылып жатқан келіссөздерге қарамастан 1993 жылы Армения
Əзірбайжанның алты ауданын басып алды. «1994 жылға қарай
Армения қарулы күштері тағы да жеті ауданды өзіне бағынышты
етті». Бұндай соғыс əрекеттеріне қарап отыра алмаған Ресейдің
делдал дипломаттары жəне Минск тобымен тығыз əрекеттесу ба-
рысымен атысты тоқтатуға қол жеткізілді.
483
Достарыңызбен бөлісу: |