Narxoz Student Research-2021
Диаграммада 2014 – 2018 жылдар аралығында құрылаған не-
келер мен ажырасқан отбасылар санын көре аламыз. Тек 5 жыл
ішінде Қазақстанда 733 606 неке жəне 268 504 ажырасу жасалды.
Сонымен бірге, ажырасу саны жыл сайын артып келеді, егер 2018
жылы неке саны 2017 жылмен салыстырғанда 137,8 мың - 2,8%
аз болса, онда 2018 жылы 54,8 мың ажырасу тіркелді - 0,3% 2017
жылмен салыстырғанда көп.
Жоғарыдағы айтып кеткеніміздей, жыл сайын отбасын құрған
жастар саны азайып бара жатыр. Сəйкесінше, ажырасу саны да
күрт өсе бастады. Ең үлкен көрсеткіш 2017-2018 жылдарға келеді.
Қалалар бойынша Алматыда ажырасқан жанұялар саны басым.
Мұның негізгі себебі халықтың көп шоғырлануы мен урбаниза-
циялану процесінің ықпалының тиюі. Отбасылар ең сирек ажы-
расатын өңір еліміздің батыс бөлігі, яғни Атырау мен Маңғыстау
облыстары. Бұл жақтардағы ажырасу санының төмендігін өңірдегі
қазақы өмір салты мен дəстүрлердің мықтап ұстануымен байланы-
стыра аламыз.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі стати-
стика комитетінің мəліметтері бойынша, көбінесе некеде 5 жыл-
дан астам тұрған 30 бен 34 жас аралығындағы адамдар ажырасуға
өтініш береді. «Қазақстанның тең құқықтары мен тең мүмкіндік-
517
Достарыңызбен бөлісу: |