Тұлға сүйектерінің эмбриогенезі Тұлға сүйектері өз даму үрдісінде үш кезеңнен өтеді: жарғақтық, шеміршектік
және сүйектік. 7-8 мм ұзындықтағы адам ұрығында әр сегмент аумағында оң және сол
склеротомдар жасушалары жұлын затына ауысады. Осында жасушалар сегменттерге
топтасады. Әр сегмент болашақ жарғақты омыртқаның денесі мен жұп өсінділерін
(нейтралдық және қабырғалық) құрады. Склеротомдар мен омыртқа денелерінің
орналасу деңгейінде сәйкестік жоқ. Осылай адамның бастапқы эмбриогенезінде 38-39
жарғақты омыртқалар қалыптасады, іле-шала осы ретпен хондрификацияға өтеді.
Шеміршектік омыртқа денесінің моделін оның ең соңғы пішіні қайталайды. Осы кезең
бойы әр жаңадан түзілген сегменттерде жоғарыда еске алынған өсінділердің дамуы
нәтижесінде нейтралдық және қабырғалық, шеміршектік доғалар пайда болады.
Нейтралдық доғадан толығымен омыртқа доғасы, буындық, қылқанды, көлденең
өсінділер дамиды, ал қабырғалар мен төстің дамуы қабырғалық доғадан басталады.
Адамның бастапқы эмбриогенезінде омыртқалар мен қабырғалар саны кейінгі
кезеңнен көбірек болады. Бара-бара бұл сүйектердің каудалды бөлігі кері дамуға
ұшырайды. Сөйтіп дененің төменгі бөлігінің омыртқалары мен қабырғалары құрып
кетеді, ал мойын және бел сегменттерінің қабырғалары рудимент түрінде сақталады:
жалған қабырғалар және толық дамымаған төстің төменгі сегменттері.