27
айдаршықаралық төмпешіктерден тұратын айдаршықаралық томпақты (eminentia
intercondularis) көруге болады. Бұлар өте жақсы жетілген буынішілік менискілер мен
байламдардың бекитін орны. Латералды айдаршықтың сыртқы бетінде шыбық сүйек
басымен буындасатын кішігірім буындық алаң бар. Асықты жіліктің дисталды эпифизі,
медиалды, тікелей төменгі буын бетіне жалғасатын латералды буын беті бар медиалды
толарсақпен (malleolus medialis) аяқталады. Екі буын беті де төменінде аяқ басы
сүйектерімен қосылуға бейімделген. Дисталды эпифиздің бүйір бетінде төменгі буын
бетінің нақты төменгі жиегінде шыбық сүйекпен қосылатын шыбық сүйектік тілік
(incisura fibularis) анықталады.
Асықты жілік шыбығы (fibula) – дұрыс емес пішінді денесі және қалыңдаған екі
шетінен тұрады. Денесінде медиалды, латералды, артқы беттерін және алдыңғы, артқы,
сүйекаралық жиектерін ажыратады. Сүйектің жоғарғы бөлігі, дұрыс емес пішінді
сүйірленген ұшымен аяқталатын басына (caput fibulae) жалғасады. Ол бұлшықеттер
бекуге арналған. Басының жоғарғы медиалды аймағында асықты жіліктің проксималды
эпифизі қосылатын кішігірім буындық бет байқалады. Төменгі эпифизі асықты жіліктің
дисталды эпифизі және асықты сүйекпен қосылатын буындық беті бар латералды
толарсақпен (malleolus lateralis) бітеді. Асықты жілік шыбығының тікелей тері астында
орналасқан латералды толарсағынан басқа бөлігі өне бойында бұлшықеттермен
жабылған.
Сүйектенуі.
Сирақтың екі сүйегінде де алғашқы сүйектену нүктелері ұрықтың 8-
аптасында айқындалады. Екіншілік нүктелер төмендегідей: асықты жілік эпифизінде
туылар алдында, ал шыбығында – 4-5 жаста, дисталды эпифиздерінде екеуінде де – 2
жаста, асықты жілік бұдырмағында – 13 жаста, асықты жіліктің дисталды эпифизі – 16-
19 жаста, ал басқа бөліктері 20-22 жаста бітіседі.
Достарыңызбен бөлісу: