Сүйектенуі.
Аяқ басы шеміршектік қаңқасының сүйектенуі былай өтеді: әр
тілерсек сүйегінде бір-бірден сүйектену нүктесі пайда болады. Эмбриогенездің
алтыншы айынды өкше сүйекте, 7-айда – асық және текше сүйектерде – 9-айда,
латералды сына тәрізді сүйекте – 1 жаста, медиалды сына тәрізді сүйекте 2-5 жас
аралығында, аралық сына тәрізді сүйекте – 3-4 жас аралығында, қайық тәрізді сүйекте –
4-5 жас аралығында, бұдан басқа өкше сүйек бұдрмағында – 7-9 жас аралығында
сүйектенетін қосымша сүйектену нүктесі пайда болады. Табан сүйектері мен
бақайлардың денелерінде сүйектену бір уақытта – нәрестенің 2-3 айлығында
анықталады, ал екінші реттік сүйектену – ІІ-Ү табан сүйектері бастарында, І табан
сүйектің негізінде және барлық бақайларда - 2-3 жас аралығында айқындалады. Аяқ
басының толық сүйектенуі қыздарда ертелеу (16-18 жаста), ал ер балаларда сәл кешірек
(18-20 жас шамасында) аяқталады. Бірақ, есте сақтайтын жайт аяқ басының сүйектенуі
жиі өзгеруімен ерекшеленеді.
|