Оқулық Жалпы редакциясын басқарған профессор Т. М. Досаев


Бассүйектің мисауыт сүйектері



Pdf көрінісі
бет24/309
Дата23.01.2022
өлшемі2,15 Mb.
#129671
түріОқулық
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   309
Байланысты:
Dosaev Anatomia

Бассүйектің мисауыт сүйектері 
          Бассүйектің мисауыт бөлігі сүйектеріне жатады: маңдай сүйек, 
os  
frontale;
 шүйде сүйек, 
os occipitalе,
 шеке сүйек, 
os parietale, 
торлы сүйек, 
os  
ethmoidale,
 сына сүйек, 
оs sphenoidale,
 самай сүйек, 
os temporale
.  
Шеке және самай сүйектері  жұп, басқалары тақ сүйектер. 
         
Маңдай сүйек, 
os frontale,
 негізінен үш бөліктен құралған:  
қабыршақтық,
 sguama frontalis;
 мұрындық, 
pars nasalis;
және жұп көзұялық.  
         Маңдай сүйектің қабыршақтық бөлігі бассүйектің төбесін құрауға  
қатынасады. Мұрындық бөлік мұрын қуысының жоғарғы қабырғасын құраса,  
көзұялық бөліктің бір беті алдыңғы бассүйектік шұңқырдың құрамына енеді,   
екінші беті көзұяның қабырғасын түзуге қатысады.Маңдай сүйекте өзі аттас  
ауалық қойнау орналасқан, ол қалқа арқылы симметриялық екі жартыға  
бөлінген. Бірде маңдай қойнауы бірнеше жеке қуыстардан тұрса, бірде  
қойнау тіпті болмауы мүмкін.Маңдай қойнауы құйматәрізді тесік арқылы  
ортаңғы мұрын жолымен қатынасады.  
        Маңдай сүйек даму тұрғысынан алғанда алғашқы (бірінші реттік)  
сүйектерге жатады. 
        


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   309




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет