Ескерту:
Үлкен шүйде, мойындырық және емізіктәрізді тесіктердегі
түзілістерді бассүйектің сыртқы негізінен қараңыз (6-кесте).
Бассүйектің бет бөлігі
Бассүйектің бет сүйектері көзұяны, мұрын қуысын, ауыз қуысын, самайасты
және қанаттәрізді-таңдай шұңқырларын түзуге қатынасады. Самай шұңқыры
бассүйектің мисауыт бөлігіне жатады.
Көзұя,
orbita
- төртжиекті пирамида пішінді жұп қуыс. Пирамиданың
негізі алға бағытталып көзұяға кіруін шектейді,
aditus
orbitae
ал
пирамиданың ұшы көру өзегіне жалғасады,
canalis opticus
. Көзұяда
көз алмасы мен оның қосалқы аппараты орналасқан.
Көзұяға кіру шектелген:
- мұрын бөлігімен, маңдай сүйектің жоғарғы көзұялық жиегі және бет
өсіндісімен,
pars nasalis margo supraorbitalis et processus zygomaticus ossis
frontalis;
- бетсүйекпен,
oz zygomaticum
- жоғарғы жақсүйектің көзұяасты жиегімен, маңдай өсіндісімен,
margo
infraorbitalis et processus frontalis maxillae.
Әрқайсысы әр түрлі сүйек құрылымдарынан түзілген.
Көзұяның 4 қабырғасын ажыратады: жоғарғы, латералды, төменгі
және медиалды.Көзұя қабырғаларының толық көріністері 10-кестеде
берілген.
Көзұяның бассүйектің басқа да топографиялық түзілістерімен
қатынастары 11-кестеде сипатталған.Көзұяның бірқатар қатынастары жеке
сүйектердің бір-бірімен қосылыстарынан пайда болады. Олар: жоғарғы
58
жақсүйектің маңдай өсіндісінің көз жасы сүйегімен қосылысынан, мұрын –
көзжасы өзегі,
canalis naso-lacrimalis,
жоғарғы жақсүйек пен сынатәрізді
сүйектің үлкен қанатынан төменгі көзұялық саңылау
fissura orbitalis inferior
.
Маңдай және торлы сүйектердің қосылысынан алдыңғы және артқы торлы
тесіктер,
foramen ethmoidale anterius et foramen ethmoidale posterius
қалыптасады. Көзұя қатынастарындағы түзілістер туралы мәлімет
11-кестеде көрсетілген.
11 кесте. Көзұя қабырғаларының құрылысы
Көзұя қабырғасы
Қабырғаны құрайтын сүйек құрылымдары
Қазақша атаулар
Латынша атаулар
Жоғарғы қабырға,
paries superior
-маңдай сүйектің көзұялық
бөлігі;
-сынатәрізді сүйектің кіші
қанаты;
-pars orbitalis ossis frontalis
-ala minor ossis sphenoidalis
Латералды қабырға
,
paries lateralis
-сынатәрізді сүйек үлкен
қанатының көзұялық беті;
-маңдай сүйек бет өсіндісінің
көзұялық беті;
-бет сүйектің көзұялық беті;
-
facies orbitalis alae majoris
ossis sphenoidalis
- facies orbitalis processus
zygomaticus ossis frontalis
- facies orbitalis ossis zygomatici
Төменгі қабырға,
paries inferior
-жоғарғы жақсүйектің көзұялық
беті;
-бет сүйектің көзұялық беті;
-таңдай сүйектің көзұялық
өсіндісі;
-
facies orbitalis maxillae
- facies orbitalis ossis zygomatici
- processus orbitalis ossis palatini
Медиалды қабырға,
-жоғарғы жақсүйектің маңдай
-processus frontalis maxillae
59
paries medialis
өсіндісі;
-маңдай сүйектің мұрын және
көзұялық бөліктері;
-көзжасы сүйек;
-торлы лабиринттің көзұялық
табақшасы;
-сынатәрізді сүйек денесі
Достарыңызбен бөлісу: |