partes orbitalis ossis frontalis,
- торлы сүйектің тесіктелген табақшасынан,
lamina cribrosa ossis
ethmoidalis,
- сынатәрізді сүйектің кіші қанаттарынан,
alae minures
ossis sphenoidalis,
құралған.
Маңдай сүйектің алдыңғы бассүйек шұңқыры аймағында милық
бұдырлар,
juga cerebralia,
мен саусақтық батыңқылар,
inpressiones digitatae,
мен артериялық жүлгелер,
sulci anteriosi,
көрінеді. Әтеш айдаршығының,
crista galli,
алдында тұйық (соқыр) тесік,
foramen caecum,
орналасады.
Торлы сүйектің тесіктелген табақшасында мұрын қуысынан иіс сезу
52
нерві талшықтары өтетін 20-25 ұсақ тесіктер байқалады. Көру өзегі,
canalis
opticus,
арқылы алдыңғы бассүйек шұңқыры көзұясымен қатынасады.
Алдыңғы бассүйек шұңқырындағы тесіктер мен түзілістерді №8 кестеден
табуға болады. Алдыңғы бассүйек шұңқырында мидың маңдай
үлестерімен,
lobi frontalеs,
иіс сезу миының шеткі бөлігі,
rhinencephalon,
жатады.
8 кесте. Алдыңғы бассүйек шұңқыршаларының тесіктері мен ондағы түзілістер
Тесік атаулары
Түзілістер
Тесіктелген табақша тесіктері,
foraminae
laminae cribrosae
-nn. olfactorii
; (І-жұп)
Тұйық (соқыр) тесік,
foramen
caecum
- ми қатты қабығының өсіндісі;
Көру өзегі,
canalis opticus
-a. ophthalmica;
(ІІ-жұп)
-n.
opticus
Ортаңғы бассүйек шұңқыры,
fossa cranii media,
құрылған:
- сынатәрізді сүйектің денесімен үлкен қанаттарынан,
corpus et alae
majoris
ossis sphenoidalis;
- самай сүйектің қабыршағымен тасты бөліктің алдыңғы бетінен,
squama
et facies anterior partis petrosae ossis temporalis
. (жұп) түзілістер)
Ортаңғы бассүйек шұңқырында сынатәрізді сүйектің денесіне сәйкес
келетін орталық және бүйір бөліктерін айырады. Ортаңғы бассаүйек
шұңқыршаларын алдын сынатәрізді сүйектің кіші қанаттарының артқы
жиегімен түрік ер-тоқымының төмпесі,
tuberculum sellae,
шектесе, артқы
шекарасы самай сүйек пирамидасының жоғарғы жиегі (жоғарғы тасты
53
қайнау жүлгесі) мен түрік ер-тоқымы арқасы арқылы,
margo superior partis
petrоsae ossis temporalis (sulcus sinus petrosi superioris) et dorsum sellae,
өтеді.
Ортаңғы бассүйек шұңқырының сынатәрізді сүйек аймағында
орналасқандар:
- қиылысалдылық жүлге,
sulcus prechiasmatis
- түрік ер-тоқымы,
sella turcica
- гипофиздік шұңқырша,
fossa hypophisialis;
түрік ер-тоқымының
түбінде орналасқан.
- ер-тоқым арқасы,
dorsum sellae;
- ұйқы жүлгесі,
sulcus
caroticus;
- жоғарғы көзұялық саңылау,
fissurа orbitalis superior;
- дөңгелек тесік,
foramen rotundum;
- сопақ тесік,
foramen ovale;
- қылқанды тесік,
foramen spinosum.
9 кесте. Ортаңғы бассүйек шұңқырының тесіктері мен түзілістері
Тесіктер
атауы
Түзілістер
артериялар
веналар
нервтер
Ішкі ұйқы тесігі,
Достарыңызбен бөлісу: |