сына сүйекке қараған бұрышы
сынасүйектік, angulus sphenoidalis, артқы-
жоғарғы бұрышы
шүйделік,
angulus occipitalis, ал самай сүйектің
емізіктәрізді бөлігіне бағытталған бұрышы
емізіктәрізді бұрыш,
angulus mastoideus деп аталады. Шеке сүйек даму жолында дәнекертіндік және
меншікті сүйектік сатылардан өтеді, демек ол біріншіреттік (алғашқы) сүйек
болып саналады.
Торлы сүйек,
os ethmoidale, үстінде әтеш айдары,
crista galli орналасқан
тесіктелген табақша, lamina cribrosa;
перпендикулярлық табақша,
lamina perpendicularis, және жұп
торлы лабиринттерден,
labirintus ethmoidalis
құралған. Тесіктелген табақша алдыңғы бассүйектік шұңқыршаны түзуге
қатынасып мұрын қуысының жоғарғы қабырғасын құрайды, ал
перпендикулярлық табақша мұрын қалқасының құрамына кіреді.
Торлы лабиринттің екі бетін:
көзұялық,
facies orbitalis және мұрын беті
facies nasalis ажыратады. Мұрын қуысының бүйір қабырғасының құрамына
кіретін мұрын бетінде жоғарғы мұрын жолын шектейтін өсіндіні: