Оқулық Жалпы редакциясын басқарған профессор Т. М. Досаев


Жаңа туылған нәресте бассүйегі



Pdf көрінісі
бет34/309
Дата23.01.2022
өлшемі2,15 Mb.
#129671
түріОқулық
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   309
Байланысты:
Dosaev Anatomia

Жаңа туылған нәресте бассүйегі 
        Нәресте бассүйегінің клиникалық тәжірибеде нақтылы ескерілуі қажет 
ересек адам басүйегімен салыстырғанда бірқатар маңызды ерекшеліктері бар.  
1. Нәресте бассүйегінің өзіне тән белгісі еңбектердің болуы (16-сурет) 
Бассүйек күмбезі сүйектерінің аралығындағы дәнекертіндік аймақтар  
еңбектер, 
fonticuli,
 деп аталады. 
       Барлығы 6-еңбектерді ажыратады. Арасындағы ең үлкені, маңдай мен  
шеке сүйектерінің аралығында орналасқан, өмірінің 2-жылының басында  
бітісетін алдыңғы (маңдай, үлкен) 
fonticulus  (occipitalis, minor) , 
шүйде және  
шеке сүйектер арасында орналасып туылған нәрестенің 2 айлығында  
толығынан жабылады. Бүйір: сынатәрізді және емізіктәрізді еңбектер жұп,  
оларды сипап анықтау мүмкін емес, туылған нәрестенің  2 жетілігінде  
бітіседі. Сынатәрізді еңбек, 
fonticulus
  
sphenoidalis,
 шеке сүйектің сынатәрізді  
бұрышы аймағында, ал емізіктәрізді еңбек, 
fonticulus
 
mastoideus, 
шеке 
сүйектің емізіктәрізді бұрышында орналасқан.  
2. Сүйекаралық жіктер кең, жалпақ. Өмірінің 3-жылында тісті жіктер
, sutura  
serrata,
 қалыптаса бастайды. 
3. Бассүйектің мисауыт бөлігі беттік бөлігінен 8 есе көлемділеу (ересектерде  
4 есе) 


71 
 
4. Бассүйек негізі сүйектері бір-бірімен кең шеміршектік және дәнекертіндік  
қабаттар арқылы қосылған.  
5. Көзұяға кіреберіс кеңдеу. 
6. Шеке және маңдай төмпелерінің күшті дамуының әсерінен  
поrта  
verticalis,
 төртбұрышты  болып қалыптасады. 
7. Жақсүйектердің толық дамымағанынан бассүйектің беттік бөлігі аласалу  
болады. 
8. Бассүйек сүйектеріндегі бұлшықеттер бекитін нүктелер әлсіз айқындалған  
(сызықтар, төмпелер, өсінділер және т.б.) 
9. Бассүйектерде диплоикалық зат, 
diploe,
 мүлдем жоқтың қасы. 
10. Сүйектердің милық бетінің бедері анық емес 
(impressiones digitatae, juga  
cerebralia, sulci arteriosi) 
11. Мұрын қуысы көлемінің салыстырмалы қысқа және тарлау болуы  
балалардағы мұрындық тыныс алудың жиі бұзылуы. Себептерінің бірі болып  
табылады. 
12. Сыртқы есту өтісі қысқа және кең, төменгі қабырғасында (дабыл 
табақшасы) тесіктердің болуы оның жиі қабыну үрдісіне (отит) ұшырауының  
бір факторы. 
19-кестеде Кейбір бассүйек сүйектерінің арасындағы қомақты  
айырмашылықтар ұсынылған. 
 
 
20 кесте. Жаңа туылған нәрестенің бассүйек сүйектері құрылысының ерекшеліктері 
және олардың бөліктерінің синостоздану мерзімдері 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   309




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет